Бүгін таңмен «Атырау – Доссор», «Атырау – Индер», «Атырау – Сағыз», «Атырау – Астрахань» тас жолдары қайта ашылды. Десе де, жолдардағы көктайғақ көлік қозғалысына едәуір қиындық тудырып отыр. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан сақтық шараларын қатаң сақтауды сұрайды. Жауаптылар жүргізушілерге барынша алыс сапарға шықпау керек екенін ескертіп отыр.