Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ШҚО-да жыл басынан бері 40-қа жуық көлік өртенді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 15:39 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/shko-da-zhyl-basynan-beri-40-ka-zhuyk-kolik-ortendi_a3756668


ШҚО-да жыл басынан бері 40-қа жуық көлік өртенді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында осы жылдың басынан бері 40-қа жуық көлік өртенген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да жол апатынан бір адам мерт болып, төртеуі жарақат алды Петропавлда болған жарылыста кімдердің қаза тапқаны анықталды Батыс Қазақстанда екі автокөлік соқтығысып, бір адам мерт болды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде бір күн ішінде екі көлік өртенді. Алғашқы оқиға Риддер қаласында тіркелген.

«1998 жылғы «Lexus RX 300» автокөлігін жалын шарпыды. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер жалпы аумағы 2,5 шаршы метрге жеткен тілсіз жауды ауыздықтаған. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығу себебі – қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс атқарудан немесе қасақана өртеуден болуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Семейде жеке тұрғын үй ауласында тұрған 1997 жылғы «Subaru Legacy» автокөлігі отқа оранды. Жалпы аумағы 6 шаршы метрді құраған жалын көліктің қозғалтқыш бөлігіне, салонға және алдыңғы дөңгелектерге жайылған. Өрттің шығуына қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс атқару себеп болды.

ТЖД дерегінде, жыл басынан бері өңірде 38 көлік өртенген.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359560
Пікірлер

Көрші сілтемелер