Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматы тауларында әйел өлі табылды: 23 ақпан 2021, 15:07 - жаңалықтар Tengrinews.kz



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Теңгірі ақпарат

Жолданған уақыты: 15:30 - 2021/02/23

Нақты Көзі: http://kaz.tengrinews.kz/events/almatyi-taularyinda-ayel-ol-tabyildyi-319418/


Алматы тауларында әйел өлі табылды: 23 ақпан 2021, 15:07 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Алматы тауларында әйел өлі табылды. Ақпарат бастапқыда әлеуметтік желілерде пайда болды. Кейін Алматы полиция департаменті мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы тауларында мәйіттің табылғаны туралы ақпарат желіде пайда болды. Kris.p.almaty Telegram-арнасы өз оқырмандарының бірі таңғы жаттығу кезінде белгісіз әйелдің денесін байқап қалғанын жариялады.

"Ол бірден 102 нөміріне қоңырау шалған. Оқиға орнында полиция мен дәрігерлер жұмыс жүргізіп жатыр", - делінген Telegram-арнасындағы жазба сипаттамасында.

Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінде 23 ақпанда Медеу ауданының таулы аймағынан белгісіз әйелдің мәйіті табылғанын хабарлады.

"40-45 жастағы белгісіз әйелдің денесі табылды. Жеке басы туралы ақпараттар анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді Алматы ПД өкілдері.

Бұған дейін, 2020 жылғы 31 мамырда Алматы тауларында жоғалған турист Әсел Панарғалиеваның денесі табылған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=19&id=1359554
Пікірлер

Көрші сілтемелер