Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстанда шет тілі және бірқатар пән бойынша ҰБТ өткізілмейді – фейк - Қазақстан және әлемдегі соң



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 15:20 - 2021/02/23

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/457201-aza-standa-shet-tili-zh-ne-bir-atar-p-n-bojynsha-bt-tkizilmejdi-fejk



Қазақстанда шет тілі және бірқатар пән бойынша ҰБТ өткізілмейді – фейк


Қазнетте мектеп түлектері енді шет тілінен Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырмайды, өйткені бұл оларды елден кетуге итермелейді деген хабарлама тарады.

Сондай-ақ, хабарламаға сәйкес, жақында мектептерде бірқатар пәнді оқыту тоқтатылады, себебі дене шынықтыру – Қазақстаннан қалай қашуды, география – мектеп оқушылары қайда қашуға болатынын білмеуі үшін және неге қашу керектігін түсіндіретін тарих пәні. Әрине, бұл әзіл екені анық, бірақ адамдардың көбі мұны шын деп қабылдаған, деп хабарлайды stopfake.kz.

Қазақстанда ҰБТ-да бейіндік пәндер тізімінен шет тілдерін және басқа да пәндерді алып тастау жоспарланбаған.

– ҰБТ шет тілін және басқа да пәндерді алып тастау туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Ресми дереккөздерден тараған ақпаратты пайдалануыңызды сұраймыз, – делінген Ұлттық тестілеу орталығының Instagram-дағы ресми парақшасында.

Ал әзіл – ресейлік блогердің шет тілін бірыңғай мемлекеттік емтиханнан (ҰБТ аналогы) алып тастау туралы жаңалық бойынша жазған постынан алынған калька.

Ресей Білім министрлігі биылғы қаңтарда міндетті бірыңғай мемлекеттік емтиханнан шет тілін алып тастау туралы шешім қабылдаған болатын.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1359545
Пікірлер

Көрші сілтемелер