Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Нұрлы жер: БҚО-да 9 көппәтерлік тұрғын үй салынады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 15:12 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/nurly-zher-bko-da-9-koppaterlik-turgyn-uy-salynady_a3756651


Нұрлы жер: БҚО-да 9 көппәтерлік тұрғын үй салынады

ОРАЛ. ҚазАқпарат – «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облысында биыл 9 көппәтерлік тұрғын үй (1126 пәтер) салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мүлік иелері бірлестігін құрудың қандай артықшылықтары бар Көппәтерлі тұрғын үйді басқарудың жаңа формасына қалай көшу керек Көппәтерлі тұрғын үйді басқару: Екі мыңға жуық жаңа ұйым құрылды

БҚО құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиевтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлім еткеніндей, 2021 жылы сондай-ақ ауылдарда 82 тұрғын үй (640 пәтер) бой көтеріп, 32 инженерлік коммуникациялар инфрақұрылымы нысаны құрылысы жүргізіледі.

Бағдарлама аясында тұрғын үй құрылысына 16,1 млрд теңге қарастырылды. Соның ішінде үй салуға 11,4 млрд, инженерлік коммуникациялар тартуға 4,66 млрд теңге бөлінді.

Биыл жалға берілетін, сондай-ақ несиелік тұрғын үйлер бой көтеретін болады.

Әлібек Сайынұлының сөзіне қарағанда, 2020 жылы өңірде 529,05 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда, 9,1 пайызға артық.

176,4 млрд теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылып, алдыңғы жылмен салыстырғанда, 0,3 пайызға өсті.

Өткен жылы 8 көппәтерлік тұрғын үй (1377 пәтер) және ауылдарда 73 тұрғын үй (113 пәтер), барлығы 1490 пәтер іске қосылды. Соның ішінде «Отбасы банк» АҚ салымшылары үшін 6 көппәтерлік тұрғын үй (963 пәтер), жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарға 2 көппәтерлік тұрғын үй (Оралда 414 пәтер) және ауылдарда 73 тұрғын үй (113 пәтер), барлығы 527 пәтер берілді.

«2021 жылдың қорытындысы бойынша 9 көппәтерлік тұрғын үй (1126 пәтер) және елді мекендерде 67 тұрғын үйді (379 пәтер), барлығы 1505 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда. Соның ішінде «Отбасы банк» АҚ салымшыларына Орал және Ақсай қаласында 7 көппәтерлік тұрғын үй, ауылдарда 40 тұрғын үй, барлығы 1042 пәтер беріледі. Кезекте тұрғандарға 2 көппәтерлік тұрғын үй (324 пәтер) және елді мекендерде 27 тұрғын үй (139 пәтер), барлығы 463 пәтер бөлу көзделіп отыр», деді Ә.Антазиев.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359538
Пікірлер

Көрші сілтемелер