Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жамбыл облысындағы республикалық трассаларда жол ережесі бір күнде 247 рет бұзылған



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 15:06 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/zhambyl-oblysyndagy-respublikalyk-trassalarda-zhol-erezhesi-bir-kunde-247-ret-buzylgan_a3756539


Жамбыл облысындағы республикалық трассаларда жол ережесі бір күнде 247 рет бұзылған

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдарда бір күнде 250-ге жуық жол ережесін бұзу фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ауа райының бұзылуынан 4 өңірде 14 жол учаскесі жабық тұр Батыс Қазақстанда боранға байланысты республикалық жол жабылды Маңғыстауда қанша шақырымға жуық жол ақылы болады

Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ Жамбыл облысының аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасы өткізіледі.

Профилактикалық рейдтің бір күнінде республикалық маңызы бар жолдарда 247 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтсақ, 79 жүргізушіге қатысты қозғалыс жылдамдығын арттырғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Ал, көлік құралын мас күйінде басқарған 1 жүргізуші және бағдаршамның тыйым салынған бөлігінен өткен 1 жүргізуші анықталды. Сондай-ақ, міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқарған 5 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылса, жол қозғалысы ережесін бұзған 14 жаяу жүргінші анықталды.

«Қауіпсіздік белдігін тақпай көлікті басқарған тағы 10 жүргізуші, маневр жасау ережелерін бұзған 7, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланған 13 жүргізуші анықталып, айып тұрағына 1 автокөлік қойылды», - деді Жамбыл облысының ПД БПП командирі Серғазы Әбдіқұлов.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359536
Пікірлер

Көрші сілтемелер