Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Шымкентте Ұлттық ұлан сарбазы марапатталды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 15:03 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/266511-shymkentte-ulttyq-ulan-sarbazy-marapattaldy


Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінің қызметкерлерінің саптық жиынында Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары А.Әмзеев 2021 жылдың 13 ақпан күні кешкі уақытта қызды зорлаудан құтқарып қалған Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінің әскери қызметкері Артем Калашниковқа алғыс айтып, Шымкент ҚПД-нің бастығы Е.Жумаханбетовтың грамотасымен марапаттады.

Айта кетсек, Жібек Жолы көшесімен үйіне қайтып бара жатқан қатардағы жауынгер Артем Калашников қыз баланың көмек сұрап айқайлағанын естіген. Оқиға сағат 00.40 шамасында болған. Әскери қызметкер ойланбастан қыздың дауысы шыққан жаққа жүгірген. Оқиға орнына келген ол қызды зорламақ болған екі ер адамды көрген. Артем олармен қоян-қолтық ұрысқа түсіп, біреуін ұстап үлгерген, ал екінші күдікті қашып кеткен.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы шақырылып, күдікті Шымкент қаласы Еңбекші ауданының АПБ-на жеткізілді.

Күдіктілерді ұстау кезінде әскери қызметкер өзі де байқамай, қолын жарақаттап алған. Дегенмен полиция келгенге дейін ер адамды ұстап тұрған. Аталған іс бойынша қылмыстық іс жалғасып жатыр.

2021 жылдың 22 ақпан күні Еңбекші АПБ-ның қызметкерлері іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында екінші күдіктіні анықтап, ол Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жеткізілді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1359533
Пікірлер

Көрші сілтемелер