Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


NASA Марстың алғашқы суреттерін жариялады - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 15:00 - 2021/02/23

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/457177-nasa-marsty-al-ash-y-suretterin-zhariyalady



NASA Марстың алғашқы суреттерін жариялады


АҚШ-тың «Персеверанс» зерттеу аппараты Марсқа аман-есен қонып, NASA қуанышында шек жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі зондтың қызыл ғаламшарға қонуы миссияның ең қиын сәті болған. Ғалымдар аппараттың Марсқа қонуын толықтай түсіріп алды. Ал «Персеверанс» қызыл ғаламшарға жете салысымен жерге оның алғашқы суреттері мен дыбысын жіберіп үлгерді.

Аарон Стехура, NASA өкілі:

- Мен мұндай фотоны ешқашан көрген емеспін. Керемет сурет. Командамыздың қуанышында шек жоқ. Марстың бетін суретке түсіріп, әлемге паш ету біз үшін үлкен мақтаныш.

Ал «Персеверанс» аппартының басты міндеті – қызыл ғаламшарда тіршілік көздерін іздеу. Аппарат оның бедерін бұрғылап, жерге үлгілерді жібереді. Осылайша, ғалымдар алғаш рет Марстың жер бедерін зерттеуге мүмкіндік алады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1359524
Пікірлер

Көрші сілтемелер