Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


БҚО-да далада қалып қойған автокөліктер құтқарылуда



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 14:51 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/bko-da-dalada-kalyp-koygan-avtokolikter-kutkaryluda_a3756643


БҚО-да далада қалып қойған автокөліктер құтқарылуда

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында далада тұрып қалған автокөліктерге көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да боранда адасқан жас жігіт пен 7 жасар бала аман табылды ТЖМ аумақтық бөлімшелері бес облыстағы жолдарда 77 адамды эвакуациялады ШҚО-да жыл басынан бері пәтерде қамалып қалған 60-тан астам адам құтқарылды

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, алғашқы хабарлама бүгін сағат 03.30-да түскен. «Саратов-Орал» тасжолы бойында, Тасқала ауданы Мерей ауылы тұсында ВАЗ-2114 автокөлігінің қар құрсауында қалған.

Шақырту орнына жеткен 15-өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері 23 жастағы жігітті жылыту орнына жеткізді.

Сондай-ақ сағат 05.47-де Ақжайық ауданы Көнеккеткен ауылы тұсында Газель автокөлігінің тұрып қалғаны жөнінде мәлімет түскен. Жедел құтқару жасағы 6-құтқару бөлімшесінің қызметкерлері автокөлікті шығарды. Машинаның ақаулығына байланысты жүргізуші жылыту пунктіне жеткізілді.

Сағат 09.27-де Тасқала ауданы Бірлік ауылы маңында Mitsubishi автокөлігі ауа райының нашарлауына байланысты істен шыққан. 15-өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері 49 және 42 жастағы жолаушыларға көмек көрсетіп, оларды да жылыту пунктіне жеткізді.

БҚО ТЖ департаменті қыс кезінде жолдарда жүргізушілерге қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керектігін еске салады. Жолдардың жағдайы туралы «Дәрмен» мобильдік қосымшасынан білуге болады. Құтқарушылар көмегі қажет болса, 112 нөміріне хабарласу керек.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да барлық бағыттағы жолдар жабылғанын жазған болатынбыз.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359517
Пікірлер

Көрші сілтемелер