Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Бейбіт күнде бес періште көкке ұшты - Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 14:50 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/113694/%d0%b1%d0%b5%d0%b9%d0%b1%d1%96%d1%82-%d0%ba%d2%af%d0%bd%d0%b4%d0%b5-%d0%b1%d0%b5%d1%81-%d0%bf%d0%b5%d1%80%d1%96%d1%88%d1%82%d0%b5-%d0%ba%d3%a9%d0%ba%d0%ba%d0%b5-%d2%b1%d1%88%d1%82%d1%8b/


Жамбыл облысы Жаңатас қаласындағы  жан  түршігерлік оқиғадан жұрт әлі есін жия алар емес. Бір күн­де бес баласынан бірдей айырылған ата-анаға біреулер көңіл айтып,  қайғысына ортақтасса, енді екін­шілер өрттің шығу себебін болжаумен әлек. Арнайы құрылған комиссия да бұған қатысты нақты байлам айт­пады. Бір ғана нұсқа, балалар көрпе үстінде сіріңкемен ойнап отырып, абайсызда өрт шығып, бесеуі бір­дей  түтінге тұншығып қалған.

19 ақпан жамбылдықтардың жүре­гінде жарасын қалдырды. Ай-күннің аманында 1991 жылы туылған Нұрсұлтан мен 1993 жылғы Меңсұлу бес баласынан айырылып қалды. Бала­лардың үлкені 6 жасар болса, кенжесі – 8 айлық.

Ал Жаңатас қаласына арнайы құ­рылған комиссияны  бастап барған об­лыс әкімінің орынбасары Ұлан Жа­зылбек балалардың ата-анасына билік тарапынан барынша көмек көрсетіліп жатқанын айтты. Сондай-ақ ол әлеу­меттік желілерде тарап жатқан жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.  Ал об­лыс­тық Төтенше жағдайлар депар­таменті­нің бастығы Ермек Момбаев өрт-техникалық зертханасының алдын ала зерттеу мәліметтерін жариялады. Оның сөзіне сүйенсек,  өрт туралы ха­бар 19 ақпан күні  сағат 15.15 минут кет­кенде түскен. Өрт сөндірушілер оқи­ға орнынан бөлме жылытқыш элек­тр құралын немесе жарамсыз тоқтар тап­паған. Ал аталған үйдің  өзі орталық­тандырылған жылыту қондырғысына қосылған. Яғни, мамандар өрт электр жылыту құралынан немесе жарамсыз электр сымынан туындауы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды. Об­лыстық Полиция департаменті басты­ғының бірінші орынбасары Бақыт Ратаев болса, өрт фактісі бойынша  Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша, сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты. Яғни, болжам бойын­ша, өрт балалардың көрпе үстін­де сіріңке жағуынан тууы мүмкін. Көр­пеге тиген жалын бүкіл бөлмеге тез та­ралып, соның салдарынан бүлдір­шін­дер түтінге тұншығып, қаза тапқан. Тексеріс тобының әзірге бол­жамы осын­дай болып тұр.

Ал бес баласы бірдей қаза тапқан отбасының тұрмысы жақсы. Көпбалалы отбасы ретінде мемлекеттен жәрдемақы  алып, «Бизнес бастау» жобасы бойынша грантқа да ие болған. Балалардың ана­сы (мұғалім) бала күтімімен үйде отыр­са, отағасы орталық ауруханада дәрігер болып істейді. Жуырда бөлім басшысы  қызметіне тағайындалған.

Өртенген үйдің өзі үш бөлмеден тұ­ра­ды. 40 шаршы метр тұрғын үйдің 16 шаршы метрін  өрт шарпыған. Яғни, өрт балалар бөлмесінен шыққан. Үйдің өртеніп жатқаны туралы балалардың  анасына көршісі хабар берген екен. 15 минутта жеткен ол есікті өз кілтімен ашып, балаларын құтқаруға жан­талас­қан. Ал үш бөлмелі үй қыздың анасы­ның атына тіркелген екен.

Жалпы, Жаңатастағы оқиғаға қа­тыс­ты әлеуметтік желілерде түрлі ақ­парат желдей есіп тұр. Белгісіз біреу YouTube каналында  «Бес балалы от­басы 16 шаршы метр үйде тұрған, Үкі­мет осындай адамдарға көмектеспей қайда қарап отыр?» деп дәйексіз ақ­парат таратып, елді митингке шығуға шақырса, Бейсекүл Сәгетаева есімді тұр­ғын «Өрт  үйде қосылып тұрған тоқ пештен шыққан» деген аудиожазбаны әртүрлі топтарға  жіберген. Алайда кейін белгілі болғандай,  Бейсекүл Жаңа­тас қаласының емес, Тараз қаласы Шөлдала алқабының тұрғыны болып шықты.  Аталған тұрғын жалған ақпарат таратқаны үшін көпшіліктен кешірім сұрады. Бұдан бөлек, «өрт болған кезде балалармен бірге үйде жасы егде тарт­қан әйел болған»  деген ақпарат та жоқ­қа шығып отыр. Сондай-ақ «Өрт шық­қан үйде үш күн бойы жылу бол­маған, сол себепті тұрғындар тоқ пеш­пен отырған» деген де ақпарат шын­дыққа жанаспайды. Бұл туралы тұр­ғындардың  өздері айтып отыр.

Ал Меңсұлудың әпкесі Назира Шон­баева кеше балаларды жерлеу рәсімі туралы жазбасын әлеуметтік желіге жариялады.

«Бес бірдей бүлдіршінінен айырыл­ған Меңсұлу сіңлімнің жанында болып, өзімді қоярға жер таппадым. Жылаған ана жүрегінің қақ айырылғанын көру мен үшін қиын болды, қолымнан кел­генше сабырға шақырдым.

Шомылдырып болған соң бала­ларын көруге рұқсат берген имамның сөзі жүрегін елжіретіп, балаларға қарай жүгірді, балапандарын көрген Меңсұлу әрқайсысының маңдайынан сүйіп құшақтағаны, кіршіксіз періштелер қаз-қатар әп-әдемі боп жатқаны көз ал­дымнан кетпейді.  Бес баланың мә­йітін мың қаралы адам көтеріп бара жатқан көріністі көргенде еңіремеген ел, жараланбаған жүрек, жыламаған жанар қалмады десем болады.

Сарысу ауданына танымал Ес­маханов­тар әулетіне, нағашы еліме тағы да қайғыра көңіл айтамын. Тас түскен жеріне ауыр, әрине Меңсұлу сіңлім мен Нұрсұлтан күйеу балаға Алла сынақ берген екен, енді сабыр бере көрші!

Елімізде әр отбасында балалар аман болсыншы, аналар жыламасыншы.

Бүгін адамзат түгілі табиғат ана да демін ішке тартқандай түнеріп тұрды. Ол да бүкіл елмен бірге құлазып, қай­ғырып тұрғандай. Өте ауыр жағдай» деген Назира жазбасында.

Назира Шонбаева – Меңсұлудың жақын туысқаны екен. Ол да Бейсекүл Сәгетаева сияқты кей тұрғындардың өрт тоқ пештен шыққан деген сияқты аудиожазбалары жалған екенін айтты. Ал оқиға орнында жүрген сенімді дерек­­көздің сөзіне сүйенсек, өрт шық­қан бөлмеден «зажигалка» табылыпты. Осы факті балалардың шын мәнінде абайсызда ажал құшқанын дәлелдеп тұрғандай.

Ауыр қазаға қатысты Мемлекет басшысы көңіл айтуын жолдаса, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Талас ауданы Үшарал ауылындағы Әбдімәліковтер әулетінің қара шаңырағына көңіл ай­тып шықты. Сондай-ақ аймақ басшысы Президент тапсырмасына орай қара жамылған отбасына жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізді.   Қалай дегенде де, Жаңатастағы жағдай бүкіл қазақ­стан­дықтардың қабырғасын қайыстыр­ғаны анық. Әлеуметтік желілерде көңіл айтып, отбасының қазасына ортақ­тасып жатқан халықтың қарасы қалың. Тіпті, кейбіреулер бала­лар­дың ата-анасына көмек көрсету үшін есепшотын да сұраған.

Ажал айтып келмейді. Алланың ісіне араласу да әмірімізде емес. Жаз­мыштан озмыш жоқ. Енді тек бала­лардың ата-аналарына Алла сабыр бер­сін деп тілейміз. Періштелердің ару­а­ғы пейіште шалқысын!

Саятхан САТЫЛҒАН,
Жамбыл облысы

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1359514
Пікірлер

Көрші сілтемелер