Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Асқар Мамин су тасқыны қаупіне орай әкімдерге тапсырма берді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 14:40 - 2021/02/23

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/askar-mamin-su-taskyny-kaupine-oray-akimderge-tapsyrma-berdi


Өңір әкімдері су қоймалары толуына үнемі бақылау жасап отыруы тиіс. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Су тасқынының алдын алу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Осыған байланысты, Экология министрлігіне өңірлердің әкімдерімен бірлесіп, бір ай ішінде гидротехникалық құрылыстарды жөндеу мерзімін анықтауды тапсырамын. Сондай-ақ су қоймаларын толтырудың қауіпсіз көлемін анықтап, олардың толуына үнемі бақылауды қамтамасыз етсін»,- деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктеріне қараусыз жатқан гидротехникалық құрылыстар бойынша меншік құқығын беру мәселесін заңнамаға сәйкес аяқтауды тапсырды.

«Индустрия министрлігі мен әкімдіктер автожолдарды су басуға жол бермесін, көпірлер мен су өткізу құрылыстарын уақытында дайындасын. Әкімдер қар шығару, арықтарды, су кәрізін тазарту, уақытша үйінділер мен бөгеттер тұрғызу жұмыстарын уақтылы жүргізуді қамтамасыз етуі қажет», - деді Премьер-Министр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1359508
Пікірлер

Көрші сілтемелер