Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ШҚО-да жабылатын автозауыттың 2 мыңға жуық маманы жұмыспен қамтылмақ



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 14:30 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/shko-da-zhabylatyn-avtozauyttyn-2-mynga-zhuyk-mamany-zhumyspen-kamtylmak_a3756632


ШҚО-да жабылатын автозауыттың 2 мыңға жуық маманы жұмыспен қамтылмақ

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» компаниясының жұмыстан босатылатын қызметкерлерін жұмыспен қамту мәселесін қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, 2020 жылдың 1 сәуірінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі«БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» компаниясы ұсынған есептен кейін олардың дәнекерлеу мен көлік шанағын бояу міндеттемелерін орындамағанын анықтаған болатын. Кейіннен Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының үкімімен компаниядан 173,9 млрд теңге мөлшерінде материалдық залалды өндіру туралы шешім қабылданған.

«ҚР Еңбек кодексінің 53-бабы 1-тармағына сәйкес, «БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» Компаниялар Тобының бөлімшесі жұмыспен қамту органдарына 10 наурыздан бастап жұмыстан босатылуы мүмкін 1969 адамның тізімін ұсынды. Олардың ішінде 1905 адам еңбекке қабілетті болса, 64-і зейнет жасында. Осыған орай, аталған азаматтарды жұмыспен қамту мәселесін шешу мақсатында жедел штаб құрылды. Оның құрамына қадағалау және құқық қорғау органдары, «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» компаниясының басшылығы кірді», - деп жазды Даниал Ахметов Instagram желісіндегі жеке парақшасында. https://www.instagram.com/p/CLmmwEBLq2c/?utm_source=ig_web_copy_link

Өткен аптада штабтың үш отырысы өткен. Соның нәтижесінде еңбекақыны төлеу үшін «БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» компаниясының бұғатталған шоттары ашылды. Бұл ретте компания басшылығы жалақыны 10 наурызға дейін төлеу туралы шешім қабылдаған.

«Өңірдегі ірі кәсіпорын басшыларының қатысуымен жедел штабтың тағы бір отырысы өтті. Өзара бірлескен жұмыстың арқасында екі күн ішінде аймақтағы жетекші компаниялардың бос жұмыс орындарының тізімі жасалған. Мәселен, бүгінде жұмыстан босатылатын еңбекке қабілетті 1905 адам үшін облыс бойынша 3199 бос жұмыс орны бар (резерв 1294). Оның ішінде 1303-і ірі кәсіпорындарда және 1896-ы электрондық еңбек базасында.

Жиын барысында «Кэмонт» АҚ Персоналмен жұмыс департаментінің басшысы босатылған мамандарды жұмысқа қабылдау рәсімін бастап кеткенін атап өтті. Бүгінде 80-нен астам өз міндеттерін аяқтағаннан кейін жұмысқа кірісуге дайын екендігін жеткізген. Әрбір адам бойынша жедел ақпаратты мен күн сайын сағат 18.00-де жіті қарайтын боламын», - деді аймақ басшысы.

Даниал Ахметов автокөліктерді өнеркәсіптік құрастырумен айналысатын отандық зауыттардың басшылығымен келіссөздер жүргізді. Олар мамандарды қызметке алуға дайын екендігін жеткізді. Сондықтан жедел штаб «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» басшылығына Алматы мен Қостанайда жұмыс істегісі келетін немесе ниеті бар 270 адамның алдын ала тізімін дайындауды ұсынған.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359501
Пікірлер

Көрші сілтемелер