Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Көппәтерлі тұрғын үйді басқарудың жаңа формасына қалай көшу керек



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 14:21 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/koppaterli-turgyn-uydi-baskarudyn-zhana-formasyna-kalay-koshu-kerek_a3756628


Көппәтерлі тұрғын үйді басқарудың жаңа формасына қалай көшу керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев көппәтерлі тұрғын үйді басқарудың жаңа формаларына көшу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көппәтерлі тұрғын үйді басқару: Екі мыңға жуық жаңа ұйым құрылды Елімізде баспана бағасын тұрақтандыратын жоба жасалып жатыр Зейнетақы жинағы: Қазақстандықтар ақшасын қайда жұмсап жатыр

Айта кетейік, 2020 жылдың басынан бастап «Кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы күшіне енді. Биылғы 22 ақпандағы жағдай бойынша көппәтерлі тұрғын үйді басқару бойынша 1 735 ұйым құрылған.

«Мүлік иелерінің бірлестігін немесе жай серіктестікті құру рәсімі заңда және нормативтік құқықтық құжаттарда қарастырылған. Бұл ретте басқарудың жаңа формаларына өту қиындық тудырмайды. Ең бастысы пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелері белсенділік танытып, жиналыс ұйымдастырып, мүлік иелерінің бірлестігін немесе жай серіктестік құру туралы шешім қабылдауы қажет», - деді Е. Дауылбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, спикер басқарудың жаңа формаларына көшу алгоритмін баяндады.

«Ең алдымен жиналысты өткізуге бастамашылық жасау. Қатысушылардың саны пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар иелерінің 10 пайызынан кем болмауы тиіс. Көпшілікке қолжетімді жерлерде өткізілетін жиналыс туралы хабарландыру 10 күн бұрын жариялануы қажет. Сондай-ақ, пәтер иелеріне, тұрғын емес үй-жайларға жиналыс туралы жеке немесе электрондық пошта немесе ұялы байланыс арқылы хабарлауға болады. Жиналыс барлық меншік иелерінің кемінде 50% кворуммен қамтамасыз етілуі керек және шешімдер қатысушылардың көпшілігінің келісімімен қабылданады. Егер жиналысқа қатысуға кворумды қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, жазбаша сауал жүргізу туралы шешім хаттамамен тіркеледі және жазбаша сауалды жүргізу уақыты бекітіледі», - деп толықтырды Е. Дауылбаев.

Жазбаша сауалнама парағы жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде әрбір меншік иесіне қолма-қол не электрондық пошта арқылы жіберіледі. Жазбаша сауалнама, жиналыс жарияланған күннен бастап, 1 айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі.

«Мүлік иелері бірлестігін мемлекеттік тіркеу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына келесі құжаттарды тапсыру қажет: өтініш; хаттама (дауыс беру парақтарымен); Жарғы (немесе Типтік жарғы) – 2 данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде; мемлекеттік баж салығы (1 АЕК). Карантиндік шараларға қарамастан, көппәтерлі тұрғын үйлердің бастамашыл тұрғындары мүлік иелерінің бірлестігін құру бойынша қажетті шаралар жүргізіп, өз үйлерін басқаруды қолға алуда. Жиналған ақшаны өз үйіне жұмсап, сапалы және мақсатты түрде пайдаланып жатқан мысалдар да бар», - деді Е. Дауылбаев.

Еске сала кетсек, басқарудың ескі формалары 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін өз қызметін жалғастырады. Осы мерзім аяқталған соң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жою рәсімін жүргізуі тиіс.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359494
Пікірлер

Көрші сілтемелер