Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елімізде су тасқынының алдын алуға 38 млрд-тан астам қаржы қарастырылып отыр - Қазақстан және әлемде



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 14:10 - 2021/02/23

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/457188-kimet-otyrysynda-k-ktemgi-su-tas-ynyna-dajyndy-pysy-taldy



Елімізде су тасқынының алдын алуға 38 млрд-тан астам қаржы қарастырылып отыр


Наурыз айында еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт жылынып, жауын-шашын мөлшерінен асуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Синоптиктердің болжамынша, жағдай тек Оңтүстік және Батыс Қазақстан аймағында тұрақты болмақ. Сол себепті, қалған өңірлер төтенше жағдайға сақадай-сай болуы тиіс. Бүгінгі Үкімет отырысында көктемгі су тасқынына дайындық пысықталды. Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, биыл 13 млн текше метр қар шығарылған. Су тасқынының алдын алуға 38 млрд-тан астам қаржы қарастырылып отыр. Жанар-жағармай қорының 3 мыңнан астам тоннасы және 224 мың тоннадан астам инертті материал әзірленген. Үкімет отырысының соңында премьер-министр Асқар Мамин су тасқынын болдырмау мақсатында Экология, Индустрия және Төтенше жағдай министрліктері мен жергілікті әкімдіктерге тиісті тапсырмалар жүктеді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1359482
Пікірлер

Көрші сілтемелер