Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Коронавирус: Енді бірден екі маска тағу міндеттелді | “Адырна” ұлттық порталы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Адырна торабы

Жолданған уақыты: 14:00 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://adyrna.kz/post/60654


Коронавирус: Енді бірден екі маска тағу міндеттелді
76

Чехия тұрғындарына екі медициналық маска тағып жүру міндеттелді - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы жергілікті Expats.cz сайтына сілтеме жасап.

Чехияның денсаулық сақтау министрі Ян Блатны халыққа қоғамдық көліктерде және ауруханаларда FFP2 респираторларын тағу міндетті екенін жеткізді.

ЧР билігі бұл шешімді елдегі коронавирус жағдайының нашарлауына және ұлыбританиялық штамның тарауына байланысты қабылдады.

"Соңғы бірнеше күнде Чехияда COVID-19 жағдайы одан әрі нашарлады. Сондықтан адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындарда тұрғындар FFP2 типті респираторды немесе бірден екі хирургиялық масканы тағуы керек. Мата бептерделер енді қорғаныс құралы саналмайды", - деді министр.

Сондай-ақ, өнеркәсіп және сауда министрі Карел Гавличек Чехия үкіметі барлық бөлшек сауда дүкеніне жұмысын қайта бастауға рұқсат бермегенін, өйткені елдегі коронавирус жағдайы тұрақсыз екенін мәлімдеді. Әлеуметтік қашықтық қатаң сақталатын кей дүкендер ғана ашық.

Пікірлер
Редакция таңдауы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=61&id=1359477
Пікірлер

Көрші сілтемелер