Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстанда коммуналдық қызметтер бір жылда 4% қымбаттаған



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 14:00 - 2021/02/23

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/kazakstanda-kommunaldyk-kyzmetter-bir-zhylda-4-kymbattagan


2021 жылдың қаңтарында тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы, газ және басқа да отын түрлерінің тарифтері былтырғы жылғы қаңтармен салыстырғанда 3,8%, ал бір ай ішінде 0,6% қымбаттады, деп хабарлайды Finprom агенттігі.

Сондай-ақ бір жылда қоқыс шығару бірден 19,1%, үйге қызмет көрсету және жөндеу қызметтері 6,3%, электр энергиясы 5,2% өсті. Су тарту және орталықтан жылыту қызметі сәйкесінше 1% және 2% арзандаған.

Еліміздің қалалары бойынша қоқыс шығарудың орташа тарифі жан басына 264 теңге болды. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 173,3 теңге еді.

Ыстық су тарифі бір жылда 15,5% қымбаттап, 1 текше метрі үшін 267,6 теңгеге жетті. Суық су 3% өсіп, 1 текше метрі үшін 70,4 теңге болды.

Тарату желілері арқылы жіберілетін табиғи газ бағасы 33,5% өсіп, текше метріне 25 теңгені құрады. Сұйылтылған газ құны 5,3 артып, келісіне 160,3 теңге болды.

Қазір ауыз су тарифі қалаға қарағанда ауылдық жерде қымбат. Оған су жүргізу инфрақұрылымының қымбаттығы, ауылдардың алшақтығы, тұрғындардың аз қоныстануы және басқа да факторлар әсер етеді. Өңірлердегі су бағасын төмендету үшін шығындардың бір бөлігін мемлекет өз мойнына алады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1359472
Пікірлер

Көрші сілтемелер