Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматы облысында көлік апатынан 2 адам мерт болды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 13:45 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/almaty-oblysynda-kolik-apatynan-2-adam-mert-boldy_a3756611


Алматы облысында көлік апатынан 2 адам мерт болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында көлік апатынан жүргізуші мен жолаушы мерт болды. Тағы бір көліктің жүргізушісі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда жаяу жүргіншілер жолағында әйелді көлік қақты Елордада бір тәулікте 58 жол-көлік апаты болды: Полицейлер үндеу жасады Көлік қаққан үш баланың бірі мерт болды: Түркістанда жүргізуші іздестірілуде

Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға бүгін таңғы сағат 07:00 шамасында болған. «Алматы-Көкпек-Көктал» тасжолының 38-шақырымында «Kia Rio» көлігінің 34 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Онда «Toyota Carina»-мен соғылған. Салдарынан «Kia Rio»-ның 28 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, осы көліктің жүргізушісі ауруханада мерт болды.

«Toyota Carina» машинасының 54 жастағы жүргізушісі түрлі дене жарақатымен Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.

Аталған көлік апаты бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359456
Пікірлер

Көрші сілтемелер