Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Түркістан облысында қыз ұзату тойын жасырын өткізгендер анықталды: 23 ақпан 2021, 12:20 - жаңалықтар



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Теңгірі ақпарат

Жолданған уақыты: 13:30 - 2021/02/23

Нақты Көзі: http://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/turkstan-oblyisyinda-kyiz-uzatu-toyyin-jasyiryin-otkzgender-319408/


Түркістан облысында қыз ұзату тойын жасырын өткізгендер анықталды: 23 ақпан 2021, 12:20 - жаңалықтар Tengrinews.kz
© polisia.kz © polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері қыз ұзату тойын тарқатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Сарыағаш АПБ қызметкерлері арнайы құрылған топпен бірге профилактикалық жұмыстар барысында, Сарыағаш қаласының көшелерінің бірінде орналасқан тойханада қыз ұзату тойы өтіп жатқанын анықтады. Тойға шамамен 100-ге жуық қонақ жиналған. Полицейлер шараны тоқтатып, қонақтарды үй-үйлеріне тарқатты.

"Көптің басын қосып, өмірлеріне қатер төндірген той иесі мен тойхананы жалға алып жұмыс істеген адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Түркістан облысы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында көрсетілген карантин режимін және шектеу шараларын сақтамағаны үшін, жинақталған құжаттар Сарыағаш аудандық СЭББ-на жолданды", - делінген хабарламада.

Полицейлер карантин режимі әлі де жалғасып жатқанын еске салды. "Сондықтан мейілінше үйден шықпай, адам көп шоғырланған аймақтарға барудан бас тартыңыздар. Қолдарыңызды жиі жуып, медициналық бетперде тағып жүруге кеңес береміз. Өз өміріңіз - өз қолыңызда!", - деді олар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=19&id=1359442
Пікірлер

Көрші сілтемелер