Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ұлттық сараптама орталығының зертханаларында коронавирусқа 2 млн талдау жасалған



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 13:27 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/ulttyk-saraptama-ortalygynyn-zerthanalarynda-koronaviruska-2-mln-taldau-zhasalgan_a3756597


Ұлттық сараптама орталығының зертханаларында коронавирусқа 2 млн талдау жасалған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылдың ақпан-желтоқсан айлары аралығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Ұлттық сараптама орталығының зертханаларында коронавирус инфекциясына 1,9 млн зерттеу жүргізілді. Оның ішінде 66 мыңнан астам сынама оң нәтижемен шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавируспен күрес: АӘК алатын отбасыларға дәрі қобдишасы тегін таратылады Коронавирус: «сары» аймақта 5 өңір орналасқан Коронавирус: 250-ге жуық науқастың жағдайы ауыр – министрлік

Орталықтың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ҰСО зертханаларында орташа есеппен тәулігіне 5 мыңнан астам зерттеу жүргізілді. Тестілеу 16 филиалда өткізілді. Аптасына жеті күн, тәулігіне 24 сағат республика бойынша 485 маман COVID-19 талдауларын зерттеуге жұмылдырылды.

Өткен жылғы пандемия кезінде дезинфекциялық қызметтер де үлкен жұмыс атқарды. Олар демалыссыз, тәулік бойы төтенше жағдай туындаған инфекциялық ошақтарда зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізді.

«Дезинфекциялау тұрғын және кеңсе үй-жайларында, ұшақтардың салондарында, карантиндік және провизорлық орталықтарға авиажолаушыларды тасымалдайтын автобустарда, сондай-ақ жолаушылардың багажында жүргізілді.

Сондай-ақ, сауыққан науқастар мен олармен байланыста болған тұлғалар шығарылғаннан кейін стационарлар мен орталықтар дезинфекцияланды.

Өткен жылдың 10 айында дезинфекциялық бөлімдердің 592 маманы 40 мыңға жуық ошақты өңдеді.

Бүгінгі таңда ҰСО мамандары COVID – 19-ға зерттеулер жүргізуді және ошақтарды дезинфециялауды жалғастыруда», - деді ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығының» баспасөз қызметінен.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359436
Пікірлер

Көрші сілтемелер