Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Бейбіт Атамқұлов: Су тасқыны кезінде 61 мың адамды эвакуациялайтын пойыз дайын тұр



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 13:21 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/266501-qaraghandy-oblysynda-su-tasqyny-bola-ma-batamqulov-61-mynh-adamdy-evakuatsiyalay


«61 мың адамды эвакуациялауға 1 713 локомотив, 1 603 вагон дайындалды. Сондай-ақ арнайы техникасы бар 84 қалпына келтіру және өрт сөндіру пойызы дайын. Қазіргі уақытта 2 975 текше метр кесек тас және 8 250 дана стандартты емес темірбетон шпалдары дайындалған. Техниканың және материалдардың дайындығы – 100 пайыз», деді министр.

Министр «2021-2023 жылдарға арналған су тасқындарының алдын алу және жою бойынша іс-шаралар кешені» жол картасы аясында министрлікте тағы 1 іс-шара қарастырылғанын айтты.

«Ол Қарағанды облысында Көкпекті-Қарағайлы учаскесінде Қарасор көлін айналып өтетін темір жолын салуға қатысты. Қазіргі таңда Министрлік аталған жобаны іске асыру мәселесін пысықтап жатыр. Жалпы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары министрліктің арнайы бақылауында тұр», деді Бейбіт Атамқұлов.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1359433
Пікірлер

Көрші сілтемелер