Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жоғары оқу орындарындағы проблемалар айтылды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 13:21 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/zhogary-oku-oryndaryndagy-problemalar-aytyldy_a3756588


Жоғары оқу орындарындағы проблемалар айтылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздегі жоғары оқу орындарында студенттер саны өскенмен, оның инфрақұрылымы ұлғаймаған. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің жоғары оқу орны басшыларымен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да пән олимпиадасының үшінші кезеңіне 500-ден астам оқушы қатыспақ БҚО-да мектеп оқушысы жаңа үстел ойынын құрастырып шығарды ІІМ Алматы академиясында жаңа факультеттер ашылды

«Еліміздегі жоғары оқу орындарында студенттер саны өскенмен, оның инфрақұрылымы ұлғаймаған. Сондықтан, министрдің тапсырмасы бойынша биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жоғары оқу орындарындағы инфрақұрылымды дамыту бойынша іс-шара басталады»- дейді Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Оның айтуынша, министрлік білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қатаңдату бойынша жұмыс істеп жатыр деген пікір бар. Жақында жасалған өзгерістерге көз жүгіртетін болсақ, академиялық тәуелсіздікті кеңейту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанымен қатар, сапаға қойылатын талаптар да арта түсуде.

«Бірінші, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына өзгерістер енгізілді, бұл бакалавриат деңгейінде практиктерді тартуға кең мүмкіндік берді. Екінші, магистратурада және докторантурада деңгейіндегі ғылыми жетекшілерге қойылатын талаптар күшейтілді. Үшінші, докторантураның мазмұны академиялық жазудағы пәндерді және ғылыми зерттеу әдістерін қамтиды», - дейді ол.

Сондай-ақ, қызметтің типтік ережелері ақылы білім беру қызметін реттейтін ереже алып тасталды. Сыныптар мен жатақханаларды пайдалану үшін сенімді басқару мүмкіндігі қарастырылған.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359432
Пікірлер

Көрші сілтемелер