Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елімізде жеке меншік университетте білім алушылардың саны өсуде



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 13:15 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/elimizde-zheke-menshik-universitette-bilim-alushylardyn-sany-osude_a3756583


Елімізде жеке меншік университетте білім алушылардың саны өсуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2016-2020 жылдар аралығында жеке меншік университетте білім алушылардың саны 53,8% өскен. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі өткізген жиында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да пән олимпиадасының үшінші кезеңіне 500-ден астам оқушы қатыспақ БҚО-да мектеп оқушысы жаңа үстел ойынын құрастырып шығарды ІІМ Алматы академиясында жаңа факультеттер ашылды

«Қазіргі уақытта елімізде жалпы 127 жоғары оқу орны бар, оның ішінде 70 - жеке меншік. Жалпы білім алушылардың саны 624 263 адамды құрайды. Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарының 55%-ы жеке меншік ұйымдар. Оларда 391 309 адам оқуда (47 421-ы мемлекеттік тапсырыс бойынша)», - дейді Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Оның айтуынша, жеке меншік университеттердегі білім алушылардың санының жыл сайын өсуі байқалады. Мысалы, 2016-2020 жылдар аралығында 53,8% өскен.

«Атап айтқанда, контингенті ең көп жеке меншік жоғары оқу орындары: Шымкент университеті – 15 527, Қазақстан инженерлік-педагогикалық Халықтар достығы университеті – 12 717, «SilkWay» университеті – 9 320 және олардың барлығы бір өңірде орналасқанын ескеру қажет. Яғни, іс жүзінде бірқатар жекеменшік университеттерді өз контингенті бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ сияқты ұлттық университеттермен салыстыруға болады. 2030 жылға қарай ЖОО түлектері екі есеге көбейіп, саны 301 602 адамға жетеді деп күтілуде», - дейді ол.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359428
Пікірлер

Көрші сілтемелер