Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Түркия мен Мысырдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 13:09 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/turkiya-men-mysyrdan-kelgen-4-zholaushydan-koronavirus-anyktaldy_a3756580


Түркия мен Мысырдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -22 ақпанында Қазақстанға 18 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы ҚазАқпарат Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: «сары» аймақта 5 өңір орналасқан Коронавирус: 250-ге жуық науқастың жағдайы ауыр – министрлік Америка коронавирустан қаза болғандарды 5 күн аза тұтады

2021 жылғы 22 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Швейцария, Мальдив Республикасы, БАӘ, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 18 халықаралық әуе рейсі келді.

1 727 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 499 адам, анықтамасыз 228 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 040 жолаушы, анықтамамен - 844, анықтамасыз - 196;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 494 жолаушы, анықтамамен - 463; анықтамасыз - 31;
Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 184 жолаушы, анықтамамен - 183; анықтамасыз - 1;
Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 9 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2021 жылдың 21 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет
Анықтамасыз келген 202 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша төрт жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Оның ішінде, бір жолаушы Ыстанбұл – Алматы рейсімен, үш жолаушы Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359420
Пікірлер

Көрші сілтемелер