Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Су тасқыны кезінде 61 мың адамды эвакуациялайтын пойыз дайындалды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 12:57 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/su-taskyny-kezinde-61-myn-adamdy-evakuaciyalaytyn-poyyz-dayyndaldy_a3756565


Су тасқыны кезінде 61 мың адамды эвакуациялайтын пойыз дайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Су тасқыны кезінде 61 мың адамды эвакуациялайтын пойыз дайындалды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Юрий Ильин: Су тасқының болу жағдайлары күрделенуі мүмкін 276 елді мекенді су басу қаупі бар аймақта орналасқан Асқар Мамин су тасқыны қаупіне орай әкімдерге тапсырма берді


«61 мың адамды эвакуациялауға 1 713 локомотив, 1 603 вагон дайындалды. Сондай-ақ, арнайы техникасы бар 84 қалпына келтіру және өрт сөндіру пойызы дайын. Қазіргі уақытта 2 975 текше метр кесек тас және 8 250 дана стандартты емес темірбетон шпалдары дайындалған. Техниканың және материалдардың дайындығы – 100 пайыз», - деді министр.

Оның айтуынша, «2021-2023 жылдарға арналған су тасқындарының алдын алу және жою бойынша іс-шаралар кешені» жол картасы аясында министрлікте 1 іс-шара қарастырылған.

«Ол Қарағанды облысында Көкпекті-Қарағайлы учаскесінде Қарасор көлін айналып өтетін темір жолын салуға қатысты. Қазіргі таңда Министрлік аталған жобаны іске асыру мәселесін пысықтап жатыр. Жалпы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары министрліктің арнайы бақылауында тұр», - деді Бейбіт Атамқұлов.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359405
Пікірлер

Көрші сілтемелер