Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматылықтардың наразылығынан кейін тоғыз қабатты жатақхана құрылысы тоқтатылды: 23 ақпан 2021, 09:2



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Теңгірі ақпарат

Жолданған уақыты: 12:50 - 2021/02/23

Нақты Көзі: http://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/almatyilyiktardyin-narazyilyigyinan-keyn-togyiz-kabattyi-319395/


Алматылықтардың наразылығынан кейін тоғыз қабатты жатақхана құрылысы тоқтатылды: 23 ақпан 2021, 09:23 - жаңалықтар Tengrinews.kz
© almaty.tv © almaty.tv

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Әуезов ауданының тұрғындарын тыңдап, тоғыз қабатты жатақханаға арналған жерге балабақша мен спорт алаңдарын салу туралы шешім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әуезов ауданындағы Алтын бесік ықшамауданының тұрғындары 17 ақпанда өткен Алматы қаласы әкімінің есептік кездесуінде жатақхана салу жоспарын қайта қарау туралы өтініш айтқан болатын. Олар өз өтінімдерінде қала басшысын жоспарланған құрылыс орнына шақырған болатын.

"Сол жерге барып, Алматы технологиялық университетінің студенттеріне арналған жатақхана ғимаратына жер телімін беру туралы қаулының күшін жою туралы шешім шығардым. Жуырда студенттік үй үшін басқа қолайлы жер қарастырамыз", - деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram желісіндегі парақшасында.

Оның айтуынша, тұрғындармен кездесуде бұл жерге 120 орынды балабақша, спорт және воркаут алаңдарын салу жөнінде ортақ шешім қабылданды.

"Ата-аналар балаларға арналған қосымша оқыту мен дамыту орталықтарын құру қажеттігін айтты. Бұл ретте "Шыңға Өрлеу" әлеуметтік клубтарының тәжірибесі негізінде тегін үйірмелер мен спорт секцияларын ашамыз", - деді Сағынтаев. 

Әуезов ауданына жұмыс сапары барысында қала әкімі ықшамауданның құрылыс салуға тыйым салынған аймақтарда орналасқан бос жерлерін де қарап шыққан. Мұнда жайлы жасыл қоғамдық орындарды құру жоспарланып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=19&id=1359399
Пікірлер

Көрші сілтемелер