Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Маңғыстау: Құран оқу жарысы өтті - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 12:45 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2021-02-23/35045-mangystau-kuran-oku-zharysy-otti


Маңғыстау: Құран оқу жарысы өтті - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
Маңғыстау: Құран оқу жарысы өтті

Құран Кәрімнің қадір-қасиетін ұғындыру, оны жаттаудың маңыздылығын жамағатқа насихаттау мақсатында Жаңаөзен қалалық орталық «Әбіш қожа» мешітінде Құран жарысы ұйымдастырылды.

Шәкірттер жарысына «Әбіш қожа» мешітінің наиб имамдары Хафиз Мұсаұлы мен Әбдімүтәліп Жорақұлұлы, сондай-ақ мешіттің ұстазы Қарасай Қожабекұлы сынды дін қызметкерлерінен құрылған қазылар алқасы төрелік етті.

Жарысқа 10 шәкірт қатысып, «Әбіш қожа» мешітінің іші Құранның әсем үніне толды. Жарыс ережелеріне сай қасиетті Құранның «Ясин» және «Мүлік» сүрелері жатқа айтуы, қатысушылардың оқу қырағаты, тәжуид ережелерін сақтауы, жаттау қабілеті сыналды.

Аталған шарттардан сүрінбей өткен қатысушылар әділ қазылар тарапынан үздік деп танылып, жарыс нәтижесі бойынша 1-орынды Нұрлыбек Жүзбаев жеңіп алды. 2-орынды Нұрлыбек Көтекбаев, ал 3-орынды Айбек Ахметұлы иеленді. Жүлделі орын алған шәкірттердің әрқайсысына дипломдар мен діни сыйлықтар берілді. Сондай-ақ барлық қатысушыларға ҚМДБ тарапынан мақұлданған «Жастарға арналған 30 хадис» кітабы сыйға берілді.

Іс-шара барысында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1359396
Пікірлер

Көрші сілтемелер