Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жанған үйдің тұрғындары назардан тыс қалмайды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 12:39 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/266485-zhanghan-uydinh-turghyndary-nazardan-tys-qalmaydy


Бүгін апат орнына облыс әкімі Құмар Ақсақалов барып, болған жайды өз көзімен көрді. Журналистерге берген брифингінде ол қаза болғандардың отбасына көңіл айтты және ауруханада жатқандардың тезірек сауығып кетуіне тілектес екендігін жеткізді. Әкім өзінің ойын былай қорытты: «Мұндай апатқа енді жол бермес үшін мен көпқабатты үйлерде кәсіп ашқан барлық кәсіпкерлерге ғимаратқа газ балондарын әкелуге, қолдануға қатаң тиым саламын. Бұл талапты жедел орындау үшін құқық қорғау органдарының, прокуратураның, ТЖ ұйымының, қалалық әкімдік пен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, қоғам өкілдерінің қатысуымен комиссия құрылып, барлық шағын кәсіпорындар тексерілетін болады», деді. Сонымен қатар әкім үйді қалпына келтіруге қалалық әкімдіктен қаражат бөлінетіндігін айтты. «Осындағы бөлмелердің иелеріне бір реттік материалдық көмек берілетін болады. Бірде бір адам назардан тыс қалмайды», деді ол.

д

Осыдан кейін өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ТЖ салдары және зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ТЖ департаментінің бастығы Рамил Камалов пен қала әкімі Болат Жұмабеков баспасөз мәслихатын өткізді.

Үйдің толық мекен-жайы Интернационал көшесіндегі 21 үй. Бұл қаланың қақ ортасында орналасқан ғимарат, бұрын ол «Киров атындағы зауыттың» жатақханасы болған. Кейін тұрғындар жекешелендіріп алған екен. Үйдің екі кіреберісі бар. Барлық бөлмелер саны 109. Жатақхана 1971 жылы пайдалануға берілген. Бөлмелердің арасы кірпішпен бөлінген, ал төбесі бетон плиталардан тұрады. Мұнда газ енгізілмеген, тұрғындар ас-суларын электр плиталарында дайындайды.

Ал үйдің бірінші қабаты түрлі кәсіпорындарға жалға берілген. Соның ішінде «Қара жорға» мен «Хочу шашлыка» атты екі кафе болған. ТЖ департаментінің бастығы Р.Камаловтың айтуына қарағанда жарылыстың эпицентрі «Қара жорға» кафесі болған. Газ балоны осы жерде жарылғаны анықталған. Бұл Қытайдан оралған қандасымыз ашқан кафе еді. Жігіттің өзі оқиға орнында қаза болды. Онымен іргелес «Хочу шашлыка» кафесі мен «Версаль» атты шаштраз болған. Жарылыстан ортақ қабырға құлап, жалындаған өрт барлық кіреберістегі пәтерлерді шарпыған. Алдымен екінші қабаттағы №22 және №24 бөлмелерге жеткен. Бірінші кіреберіс өрт құшағында қалып, төбесі құлап, үйге кіруге мүмкіндік бермеген. Өртсөндірушілердің алғашқы машинасы оқиға орнына күндізгі сағат төртте жеткен. Олардың болжауынша өрт шарпыған аймақтың көлемі 110 шаршы метр. Өрт сөндіру төрт учаске арқылы жүргізілген. Оған барлығы 83 адам мен ТЖ департаментінің 17 техникасы қатыстырылған.

ТЖ қызметкерлерінің көмегімен 120 адам эвакуацияланған. Оның 57 сол маңдағы №2 орта мектепке енгізілген. Солардың ішінде 10 адам Солтүстік Қазақстан университетінің жатақханасына орналасуды жөн көрген. Ол да сол маңда орналасқан. Ал 63 адам өздерінің туыстарының үйіне баруды қалаған. Мектеп пен университеттің жатақханасына орналастырылғандарға ыстық тамақ ұйымдастырылған. 

Жапа шеккен 16 адам ауруханаларға жеткізілген, соның ішінде 1996 жылы туған қандасымыз мерт болғанын айттық. Ол кәсіпкерлікпен айналысып, осы кафені ашқан екен. Үйленген, артында әйелі мен жас баласы баласы қалды.

Ал артынан, құлаған үйінділердің астынан 1999 жылы туған жас әйелдің денесі табылған. Ауруханаларға жеткізілгендердің бәрі де 30-40 жастар арасындағы жас азаматтар. Екеуі жас бала. Улы газға тұншығып, жарақат алған 2020 жылы туған қыз баланы ата-анасы ауруханаға жатқызудан бас тартып, үйіне әкеткен. Ауруханадағы адамдардың 15 жараланған, соның 7 алғашқы көмек алған соң туыстары орналастырылған жерге қайтты.

Өрт кешкі алтыдан аса сөндіріліп, толықтай кешкі сегіз кезінде тұншықтырылды. Ауаның температурасы 20-22 градус суық шамасында болды. Полиция өрт маңын толық қоршап, басқа адамдардың баруын, өрт сөндірушілерге кедергі келтірмеуін қамтамасыз етті.

Солтүстік Қазақстан облысы  

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1359387
Пікірлер

Көрші сілтемелер