Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізіледі



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 12:30 - 2021/02/23

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/nurly-zher-memlekettik-bagdarlamasyna-ozgerister-engiziledi


Елімізде құрылыс индустриясын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленеді. Бұл туралы бүгін тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдері қаралған Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыста Үкімет басшысы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұсынған тәсілдерді қолайтындығын айта келе бірқатар мәселеге назар аудартты.

«Бірінші. Жаңа тәсілдерді тиімді іске асыру үшін тиісті заңнамалық түзетулерді тездетіп қабылдау керек. Индустрия министрлігіне осы жылғы 25 наурызға дейін тиісті заң жобасын Үкіметке енгізуді тапсырамын. Заңнамалық түзетулерді қабылдағаннан кейін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына да тиісті өзгерістер енгізу қажет», - деді Асқар Мамин.

Премьер-Министр екіншіден, барлық өңірлердің әкімдіктері бөлінетін қаражатты биыл толық игеріп, тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша барлық көрсеткіштерге қол жеткізуі қажеттігін ескертті.

«Өңірлерде құрылыс маусымын уақтылы бастаудың маңызы зор. Жер учаскелерін уақтылы бөлу және оларға қажетті инфрақұрылымды жеткізіп, тиісті жобалық құжаттаманың дайын болуын қамтамасыз ету қажет. Үшінші. Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі өскен сайын құрылыс материалдарына қажеттілік те артады. Осы ретте, отандық құрылыс материалдарын өндіруді одан әрі белсенді дамыту керек. Мысалы, жеке инвесторлардың есебінен жалпы құны 63 млрд теңгеден асатын бірнеше жобалар іске асырылатын болады», - деді ол.

Үкімет басшысы сэндвич-панельдер, конструкциялар, қасбеттік плиталар, жылу оқшаулау материалдарын өндіретін жобаларды іске асыру жоспарланып отырғанын айтты.

«Бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру керек. Индустрия министрлігіне «Самұрық-Қазына» холдингімен және «Атамекен» палатасымен бірлесіп, осы жылғы 15 наурызға дейін Құрылыс индустриясын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын Үкіметке енгізуді тапсырамын», - деді Премьер-Министр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1359380
Пікірлер

Көрші сілтемелер