Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Англиядағы шектеулер 21 маусымға қарай толық алынуы мүмкін - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықта



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 12:30 - 2021/02/23

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/457151-angliyada-y-shekteuler-21-mausym-a-araj-toly-alynuy-m-mkin






Англиядағы коронавирустық шектеулер 21 маусымға қарай толық алынып тасталуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон парламентте сөйлеген сөзінде жергілікті халықтың көптен күткен және 4 айдан кейін қалыпты өмірге қайта оралуға мүмкіндік беретін жоспарымен бөлісті.

Ғалымжан Қараманұлы, тілші:

- Елде ең алдымен мектептер ашылады, 8 наурыздан бастап оқушылар қайтадан партаға отырады. Сондай-ақ дала екі адамның кездесіп, сөйлесуіне ресми түрде рұқсат етіледі. Өкінішке қарай, Ұлыбританияда уақытша тұрып жатқан қазақстандықтар жыл сайын топ болып тойлайтын Ұлыстың ұлы күнін 21 наурызда атап өте алмайды. Өйткені далада, оның өзінде алты адамға дейін ғана кездесуге рұқсат 29 наурыздан бастап қана беріледі. Сонымен қатар осы күннен бастап командалық спортпен айналысуға болады. Ал 12 сәуірден бастап дүкендердің барлығы, шаштараздар, тренажер залдары және пабтардың жазғы алаңдары жұмыс істейді. Бұдан бөлек, кітапханалар, мұражайлар және зообақтар қайта ашылады. Үкіметтің бұл жоспарына күдікпен қарайтын британиялық ғалымдар да жоқ емес.

Майкл Хэд, Саутгемптон университетінің аға зерттеушісі:

- Ұлыбританияда COVID-19 әлі де бәсеңдеген жоқ. Күн сайын 10 мыңдай адам қауіпті вирус жұқтырып жатыр. Күніне 1000-ға жуық науқас ауруханаға жатқызылып, жүздеген науқас қайтыс болуда. Рас, бұрынғыға қарағанда өршу деңгейі бәсеңдеп, вирус жұқтырушылар саны кемігенімен, шектеулерді дәл қазір алып тастайтын жағдай емес. Біртіндеп жеңілдіктер жасалады.

Билік өкілдері жағдайды жіті назарда ұстайды. Қателік кетпес үшін вакциналау бағдарламасының тиімділігі мен табыстылығына, инфекция жұқтыру және жаңа штамдардың таралу деңгейіне көңіл бөлінеді. Жоспарға сәйкес 17 мамырдан бастап барлық пабтар, мейрамханалар, кинотеатрлар мен қонақ үйлер ашылуы тиіс. Бұған қоса, театрлар мен футбол стадиондарына 10 мың адамға дейін кіре алады. Таза ауада кездесуге қойылған шектеулер алынып, 6 адамға дейін қонаққа баруға, 30 адамға дейін үйлену тойларына, жерлеу рәсімдеріне қатысуға және халықаралық сапарларға шығуға рұқсат етілмек. 21 маусымға қарай барлық шектеулер тоқтап, Англия қалыпты өмірге қайта оралуы бек мүмкін. Еске салып өтейік, Ұлыбритания ковидтен қайтыс болғандар саны бойынша әлемде бесінші орында тұр. Бұған қоса, 300 жылдан бері болмаған экономикалық дағдарыс ел еңсесін түсіріп тастады.

Авторлары: Ғалымжан Қараманұлы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1359376
Пікірлер

Көрші сілтемелер