Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қоғамда үкіметтік емес ұйымдардың рөлі зор - Ләззат Қалтаева



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 12:27 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kogamda-ukimettik-emes-uyymdardyn-roli-zor-lazzat-kaltaeva_a3756536


Қоғамда үкіметтік емес ұйымдардың рөлі зор - Ләззат Қалтаева

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығының төрағасы Ләззат Қалтаева үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы рөлі мен атқаратын жұмыстары туралы ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.

«Ең алдымен, үкіметтік емес ұйымдардың немесе 3-ші сектордың рөлі қоғам мен жеке адамдардың мүдделерін қорғау болып табылады. Мысалы, бизнестің мақсаты- пайда табу. Ал, Мемлекет жалпы барлық процестерді реттейттейді.Үкіметтік емес ұйымдар қарапайым халықтың мүддесіне жауап береді»,-дейді Ләззат Қалтаева.

Оның айтуынша, үкіметтік емес ұйымдардың қызметі қоғамның әртүрлі саласын қамтиды.

«Үкіметтік емес ұйымдар да бір-бірінен ерекшеленеді. Олардың атқарар жұмысы да әртүрлі. Шағын клубтардан бастап, халықаралық деңгейде жұмыс істейтін ірі қауымдастықтарға дейін бар. Енді бірі мемлекеттің саясатына әсер етеді (мысалы, экология, жер, адам құқықтары және тағы басқалар)»,- дейді спикер.

Сонымен қатар, ол ҮЕҰ ұзақ уақыт бойы шешімін таппаған өте маңызды мәселелерді шешуге көмектесетінің тілге тиек етті.

«Азаматтық қоғам мен үкіметтік емес ұйымдардың мемлекет пен қоғамда алар рөлі орасан. Мықты азаматтық қоғамсыз қарапайым адамдардың мүдделерін қорғау мүмкін емес»,- дейді ол.

«Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығының төрайымы Ләззат Қалтаеваның айтуынша, қазіргі уақытта тұрғындарды тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасы алаңдатады.

«Қазір қоғамды тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасы алаңдатып отыр. Оны күнделікті көріп те, естіп те жүрміз. Бұл мәселеге үкіметтік емес ұйымдар да бейжай қарамайды. ҮЕҰ-дар әйелдерді зорлық-зомбылықтан барынша қорғап келеді. Кейбір үкіметтік емес ұйымдар бұл жүйе қайғылы жағдайдың алдын ала алмайтындығын айтады. Енді бірі отбасылық құндылықтар, ұлттық мәдениетіміз, үлкендерге деген құрмет жоғалады деп алаңдайды»,- дейді Ләззат Қалтаева.

Сөз арасында, ол ҮЕҰ тек процестердің катализаторы ретінде ғана емес, сонымен бірге біздің құқықтарымызды қорғайтын және бүкіл қоғамның тепе-теңдігі мен дамуын сақтайтын ең тиімді саясат пен заңдар әзірлеуге мүмкіндік беретін медиаторлар ретінде әрекет ете алатыдарын айтты.

Фото:express-k.kz


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359374
Пікірлер

Көрші сілтемелер