Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


270-тен аса елді мекен қауіп аймағында - ТЖМ басшысы: 23 ақпан 2021, 11:24 - жаңалықтар Tengrinews.k



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Теңгірі ақпарат

Жолданған уақыты: 12:20 - 2021/02/23

Нақты Көзі: http://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/270-ten-asa-eld-meken-kaup-aymagyinda-tjm-basshyisyi-319404/


270-тен аса елді мекен қауіп аймағында - ТЖМ басшысы: 23 ақпан 2021, 11:24 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 276 елді мекенді су басу қаупі бар. Онда 270 мыңнан аса адам тұрады. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді. Ол солтүстік және орталық өңірлердің әкімдіктері елді мекендерден қар шығару жұмыстарын жандандыруы қажет екенін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Су басу қаупі бар аймақта ел бойынша 276 елді мекен қалып отыр, бұл 270 мыңнан астам адам. Оларды су тасқынынан қорғау үшін 2023 жылға дейінгі жаңа Жол картасы бекітілді, оны іске асыруға республикалық (131,6 миллиард) және жергілікті бюджеттерден (28,6 миллиард) 160 миллиардтан астам теңге бөлу жоспарланып отыр", - деді министр.

Айтуынша, былтыр желтоқсанда Жол картасын іске асыру аяқталды, республикалық (21,6 миллиард) және жергілікті бюджеттерден (20,3 миллиард) шамамен 42 миллиард теңге жұмсалды. Бұл ретте, алты мың су шаруашылығы құрылыстарының бес жүзге жуық гидротехникалық құрылыстарын жөндеу қажет етілген.

"Жалпы алғанда ТЖ жою үшін соңғы бес жыл ішінде 44 миллиардтан астам теңге (44,6 миллиардтеңге: республикалық бюджеттен - 230 миллион (230,4 млн. теңге), жергілікті бюджеттен - 44,4 миллиард теңге) жұмсалды, Үкіметтің қолдауымен мемлекеттік материалдық резервтен өңірлер үшін 365 дана техника броньнан шығарылды", - деді ол.

Юрий Ильин өңірлік деңгейде алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық қалай екенін айтты:

  • Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның отырыстары өткізілді;
  • жанар-жағармай материалдары (3,2 мың тонна), инертті материалдар (224,3 мың тонна) және құм салынған қаптардың (886 мың дана) қоры қалыптастырылды;
  • шұғыл шығындарға төтенше резервтер көзделген, шамамен 38 миллиард теңге алдын ала салынған (38,1 миллиардтеңге, оның ішінде төтенше резервке - 26,6 миллиард теңге, шұғыл шығындарға – 11,5).
  • саны 38 мың адамнан асатын (38 429) азаматтық қорғау құралымдары, шамамен 13 мың бірлік техника (12 734), 500-ден астам жүзу (535) және 2 500-ден астам су сору құралдары (2 571) айқындалды;
  • елді мекендерден қар шығару жұмыстары жалғасуда, бүгінгі күні 13 миллион текше метрден астам (13,1 млн.м3) қар шығарылды.

Ведомство өкілінің айтуынша, өткен бес жылда автомобиль жолдарында, 34 автомобиль көпірінде жеті жүзге жуық рет су тасыды, теміржолдардың 7 учаскесінде (Алматы – 1, Қарағанды – 5, Павлодар – 1) су жайылды.

"Бұл ретте, бүгінде республика бойынша судың жайылуына бейім 482 автомобиль жолының учаскесі және алты жүзден астам теміржол учаскесі (673) бар. Бүгін су тасқыны кезеңіне толық дайындық туралы айтуға әлі ерте. Күннің күрт жылынуы, қардың қарқынды еруі, сондай-ақ мол жауын-шашын жағдайында елді мекендерде су тасқыны жағдайы күрделенуі мүмкін", - деді министр үкімет отырысында.

Осыған байланысты Министрлік авариялық-құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдарының тобын құрды. Бұл 10 мыңнан астам қызметкер, 1 800-ден астам бірлік техника, 27 тікұшақ, 330 жүзу құралы және бір мыңнан астам мотопомпа.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=19&id=1359364
Пікірлер

Көрші сілтемелер