Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


АҚШ коронавирустан қайтыс болғандарды бес күн аза тұтады: 23 ақпан 2021, 10:28 - жаңалықтар Tengrine



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Теңгірі ақпарат

Жолданған уақыты: 12:10 - 2021/02/23

Нақты Көзі: http://kaz.tengrinews.kz/world_news/aksh-koronavirustan-kaytyis-bolgandardyi-bes-kun-aza-tutadyi-319400/


АҚШ коронавирустан қайтыс болғандарды бес күн аза тұтады: 23 ақпан 2021, 10:28 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

АҚШ президенті Джо Байден коронавирустан қайтыс болған америкалықтарға бес күндік аза тұту жариялады. АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандар саны жарты миллионнан асты, - деп хабарлайды РИА Новости.

АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандарды аза тұту кезінде бүкіл елдегі жалаулар бес күнге түсіріледі.

Джонс Хопкинс Университетінің мәліметінше, АҚШ-та 500 071 науқас коронавирустан қайтыс болған. Бұл ретте ел көшбасшы. АҚШ-та жалпы 28 миллионнан аса коронавирус жағдайы тіркелген.

The New York Times газетінің мәліметінше, COVID-19-дан көз жұмған америкалықтар саны Вьетнам соғысында, сондай-ақ Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстардағы елдің әскери шығынынан асып түсті. Ардагерлер істері министрлігінің мәліметінше, осы үш соғыстың салдарынан 392,3 мың америкалық қайтыс болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=19&id=1359358
Пікірлер

Көрші сілтемелер