Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Республикалық жолдардың 482 учаскесін су басу қаупі бар



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 12:06 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/respublikalyk-zholdardyn-482-uchaskesin-su-basu-kaupi-bar_a3756516


Республикалық жолдардың 482 учаскесін су басу қаупі бар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Республикалық жолдардағы 482 учаскені су басу қаупі бар. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысында 174 елді мекенді көктемде су басуы мүмкін ШҚО-да су тасқынының алдын алу үшін арнайы комиссия құрылды СҚО-да 80-ге жуық елді мекенді көктемде су басуы мүмкін

«Республикалық маңызы бар автожолдарды дайындау бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бекітілді. Орталық және аймақтық деңгейде жол қызметі өкілдерінен комиссиялар құрылды. Қазіргі таңда республикалық жолдардың ұзындығы 25 мың шақырым. 1 298 көпір және 15 070 су өткізу құбыры бар. Оның ішінде 482 қауіпті учаске, 739 құбыр және 59 көпір бақылауға алынды. 883 жол-пайдалану техникасы бекітілді. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Автожолдар мен жолдардағы ғимараттар бақылауға алынды», - деді министр.

Оның айтуынша, су тасқыны кезеңінде жұмыстарды уақытылы ұйымдастыру үшін қазіргі таңда қажетті материалдар 100 пайыз дайындалды. Су өткізу құбырларының тесіктерін және көпір астындағы арналарды қардан тазарту жұмыстары басталды. Сондай-ақ, реконструкциялау және күрделі жөндеу барысында автожолдардың су тасқыны қаупі бар учаскелерінде саңылаулардың диаметрі мен су өткізу құбырларының саны ұлғайтылады. Үйіндінің биіктігін арттыру және тағы басқа шаралар есебінен тасқын сулардың өткізу қабілетін арттыру үшін көпірлер мен су өткізу құбырлары қосымша орнатылады.

«Жалпы су тасқынына қарсы шараларды орындау барысында өңірлердің ауа-райы жағдайы, сондай-ақ өткен жылдардағы су тасқыны кезеңінің нәтижелері ескеріледі. Су тасқынына қарсы іс-шаралар республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға бөлінген қаражатпен атқарылады», - деді Бейбіт Атамқұлов.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359354
Пікірлер

Көрші сілтемелер