Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Макс Боқаев Тоқаевты Атырауға шақырды | “Адырна” ұлттық порталы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Адырна торабы

Жолданған уақыты: 12:00 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://adyrna.kz/post/60644


Макс Боқаев Тоқаевты Атырауға шақырды
84

Оппозициялық “Бәсе” каналы саясаткер Макс Боқаевтың үндеуін жариялады деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Dalanews.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бес талаптан тұратын үндеуінде Боқаев Тоқаевты дөңгелек үстелге шақырып, ұлттық диалог құруды ұсынады.

Бірінші қадам – Ұлттық ымыра:

Қасымжомарт Тоқаев жарлығымен барлық саяси астары бар істерді жоқ қылып, саяси тұтқындарды босатсын;

Өзі үшін және ортақ үйімізге амандық тілейтіндер ұрыс-керісті доғарсын;

Екінші қадам – Ұлттық диалог:

Бұны азаматтық коалиция және Тоқаев командасы арасындағы алдын-ала келіссөздер түрінде Атырауда өткізуді ұсынамын;

Үшінші қадам – Конституциялық құрылтай:

Оған қатысу үшін, әр обылыс пен ірі қалалардан белгіленген мөлшерлердегі делегаттар жинала алады;

Төртінші қадам – Республиканың жаңа Конституциясын қабылдау;

Бесінші қадам – Адал сайлау өткізу;

Боқаев мұның бәрін биылғы қазан айының соңына дейін жасап үлгеру керек деп есептейді. Құрылтай өткізер мерзімнің жақын қалғанын ескерткен ол “біріксек дегенімізге жетеміз” деген пікірде.

“Біздің Отан ауыр күйзеліс үстінде. «Елді кім тонады?» деп, қазір іс қозғап жазалайтын прокурор болғам келмейді. Мен, әрекет жасау керек деймін. Құлдырауды тоқтатып, тарихи тұйықтан шығу оңай болмас.

Демек, Қазақстан Республикасын дамуға жеткізетін жолдар мен мүмкіндіктер бар. Мен оптимистпін. Басқаша жағдайда елден баяғыда кетіп қалатын едім. Исатай-Махамбет алаңында тұрып 28-ші ақпан күні сағат 12:00 де осы пікірлерімді отандастарыма жеткізгім келеді. Тәртіп! Әділдік! Азаттық! Қазақстан Республикасы жасасын!”, – дейді Боқаев үндеуінде.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=61&id=1359349
Пікірлер

Көрші сілтемелер