Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Синоптиктер наурызда еліміздің басым бөлігі жауын-шашынды болатынын болжады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 12:00 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/sinoptikter-nauryzda-elimizdin-basym-boligi-zhauyn-shashyndy-bolatynyn-bolzhady_a3756512


Синоптиктер наурызда еліміздің басым бөлігі жауын-шашынды болатынын болжады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Наурызда еліміздің басым бөлігі жауын-шашынды болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жел, қалың қар, боран – сейсенбіге арналған ауа райы болжамы Батыс Қазақстанда боранға байланысты республикалық жол жабылды Қазгидромет: Қазақстанның оңтүстігінде күн суытады

«Наурыз айының синоптикалық болжамына сәйкес ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде климаттық нормадан жоғары болады», - деді министр.

Оның айтуынша, қар жамылғысының аздығына қарамастан, алдағы күндерде еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын күтілуде. Ол өз кезегінде еріген қардың суымен қосылып, тасқынға алып келуі мүмкін.

«Қазгидромет наурыз айынан бастап апта сайын негізгі гидрологиялық болжамдарды ұсынады. Онымен қоса, су тасқыны қаупінің пайда болуы туралы алдын-ала 2-3 күн бұрын хабарлап отырмақ», - деді Мағзұм Мырзағалиев.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359345
Пікірлер

Көрші сілтемелер