Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Криптовалютаға толық тыйым салған ел әлемде криптовалюта иеленушілер саны бойынша көш бастады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 11:45 - 2021/02/23

Нақты Көзі: http://islam.kz/kk/news/alem/kriptovalyutaga-tolyq-tyiym-salgan-el-alemde-kriptovalyuta-ielenushiler-sany-boiynsha-kosh-bastady-14860/


Криптовалютаға толық тыйым салған ел әлемде криптовалюта иеленушілер саны бойынша көш бастады

Ақпан айының 20-ы күні Бүкіл әлемдік экономикалық форум азаматтары криптовалютаны ең көп пайдаланатын әлемнің 74 еліне қатысты зерттеу нәтижесін жария етті. Бұл жайында islam. kz порталы Haber7 ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш зерттеу қорытындысы бойынша бұл тарапта, бір таңқаларлығы, әлем бойынша криптовалютаға толық тыйым салған Нигерия көш бастаған - 33%. Екінші орынға Вьетнам жайғасқан - 21%. Ал үшінші орыннан Филиппин көрінген - 20%. Ал төртінші орында Түркия тұр - 16%. Десе де бұл рейтингте Түркия Еуропа елдері бойынша бірінші орынға шыққан. Мына кереғарлықты сарапшылар қалай түсіндіріп бере алмай отыр: криптовалютаға толық тыйым салған елдің электронды валюта бойынша қалай көш бастағанын. Десе де соңғы жылдары криптовалюта батыс технологиясы негізінде пайда болғанымен АҚШ немесе Еуропада емес, Азия мен Африка құрлығында кеңінен қолданыла бастағаны да сарапшыларды ойға қалдырып отыр. Кәрі құрлықта тек Грекия мен Швейцарияда (аталған екі елдегі криптовалютаға ие тұрғындарының қарасы қоса алғанда 11%-дан аспайды) ғана аздап сұраныс бар. Осы тұста криптовалютаның пандемия басталғалы бері халықаралық деңгейде болсын, қандай да бір орталық банк деңгейінде болсын, арнайы қаржылық ұйымдарының реттеуінсіз, яғни, стихиялы түрде өз нарығын қалыптастырып келеді...

Ұқсас материал:

«Әлемде екінші ел пайда болды криптовалютаның барлық түріне толық тыйым салған» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/alemde-ekinshi-el-paida-boldy-kriptovalyutanyn-barlyq-turine-tolyq-tyiym-salgan-14831/#gsc.tab=0)

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=1359329
Пікірлер

Көрші сілтемелер