Аталған додада Қазақстан құрамасының мүшесі Олжас Байниязов жеңіліп қалды. 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан ол үндістандық Комар Депакпен кездесті. Екеуара кездесу 0:5 есебімен аяқталып, отандасымыз жарыстың алғашқы айналымында жеңілс тапты.
Бұған дейін Саматәлі Төлтаев жарысты сәтті бастағанын хабарлағанбыз.
Айта кетерлігі, халықаралық турнир 27 ақпанға дейін жалғасады. Турнирге елімізден тоғыз боксшы аттанған болатын.