Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Биыл Жол картасы аясында қанша жұмыс орны құрылады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 11:30 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/biyl-zhol-kartasy-ayasynda-kansha-zhumys-orny-kurylady_a3756495


Биыл Жол картасы аясында қанша жұмыс орны құрылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы (ЖҚЖК) аясында биыл 331 жоба іске асырылатын болады. 2021 жылы барлығы 27,3 мың жұмыс орнын құру жоспарланып отыр, оның 10,2 мыңы тұрақты жұмыс орны болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Таразда пробация есебінде тұрғандар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті 70 мыңнан астам жамбылдық жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылады «Еңбек» бағдарламасы: ШҚО-да 18 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған

«Бұдан басқа, 2020 жылы іске қосылған 259 жобаны іске асыру жалғасуда, оның аясында 81 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды», - делінген Еңбек министрлігі мәліметінде.

Іске асыру тәжірибесін ескере отырып, ЖҚЖК-ға талдау жүргізілді және мыналарды көздейтін жаңа тәсілдер әзірленді:

– жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру үшін азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын кеңейту;

– отандық тауарлар өндірісін, қызметтерді дамыту және жұмыс орындарын құру үшін «Бастау Бизнес» жобасы түлектерінің бизнес-жоспарларын қаржыландырудың (микрокредиттеудің) қолжетімділігін арттыру;

– ЖҚЖК-ға құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін тұрақты жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ететін әлеуметтік-мәдени, инженерлік-көліктік, өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін салу әрі реконструкциялау жөніндегі жобаларды ғана қоса отырып, инфрақұрылымдық жобаларды іріктеу критерийлерін қайта қарау.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы ЖҚЖК аясында 239 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, оның 6,6 мыңы – тұрақты. Бұл ретте жұмысқа орналастырылған азаматтардың 50,3 пайызы халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыс тапты, 6,5 мың инфрақұрылымдық жоба іске асырылды. ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асырудың ерекше шарты - отандық өндірушілердің тауарлары мен қызметтерінің кемінде 90 пайызын қолдануды қамтамасыз ету. Қызметкерлердің кемінде жартысын халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жалдайды, жұмыссыз жастарға басымдық беріледі. Мердігерлер санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қолдана отырып, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге тиіс.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359312
Пікірлер

Көрші сілтемелер