Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Fitch Ratings агенттігі растады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 11:27 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/266425-fitch-ratings-agenttigi-rastady


Агенттіктің пікірінше, Қазақ­стан­ның тұрақты рейтингі ел эко­номикасының тұрақты­лығы­ның жоғары деңгейін көрсетеді. Рейтинг агенттігі мұнай баға­сына және коронавирус індеті­нің таралуына байланысты айқын­сыз­дыққа қарамастан, елде мем­лекеттік қарыздың төмен дең­гейі мен қолданыстағы және ық­ти­мал сыртқы күйзелістерді азай­ту үшін қажетті фискалдық резерв­тердің едәуір көлемі сақталып отырғанын атап өтті. Кредиттік бағалау тұрақтылығының оң факторы мемлекеттік инсти­тут­тар сапасының жақсартылуы болып отыр.

Fitch рейтинг агенттігі 2020 жылы ұлттық экономиканың тұ­рақтылығын қамтамасыз ету­дегі нақты сектордың, оның ішін­де өңдеу өнеркәсібінің, құры­лыс пен ауыл шаруашы­лығының рөлін атап өтті. Агенттіктің ба­ға­лауы бойынша, 2021 жылы эко­но­миканың өсу қарқыны 3,5%-ды құрайды. Fitch Ratings атап өткендей, Ұлттық банктің құ­был­малы айырбас баға­мы саясаты күйзелістерді сіңіру­ге мүмкіндік берді, ал тең­ге ба­ға­­мы­­ның икем­ділігі 2014-2015 жыл­дары мұнай баға­сы құл­дыра­ғаннан бері эконо­ми­калық саясат тетігінде елеулі жақсартуға айналды.

Fitch Ratings агенттігі Қазақ­станның егемен кредиттік рей­тингін одан әрі арттырудағы негізгі факторлар ретінде эконо­ми­калық саясаттың болжам­ды­лығы мен тиімділігін ұлғай­ту­ға, сондай-ақ ел экономика­сын әртараптандыру және фис­кал­дық резервтерін өсіру жөнін­дегі шараларды іске асыруды жал­ғастыруға бағытталған құры­лым­дық институционалдық рефор­­­малардың одан әрі жүр­гізі­луін келтіреді. Бұған де­йін, 2021 жылдың 17 ақпа­нында Қазақстан экономикасы­на қатысты кредит­тік пікір­ді Moody’s кредиттік агент­тігі жариялаған болатын. Жаңар­тылған кредиттік пікірге сәйкес, Қазақстанның рейтингі Baa3 «Оң» болжамды пандемияға дейінгі көрсеткіштеріне сай келеді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1359311
Пікірлер

Көрші сілтемелер