Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


276 елді мекенді су басу қаупі бар аймақта орналасқан



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 11:27 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/276-eldi-mekendi-su-basu-kaupi-bar-aymakta-ornalaskan_a3756491


276 елді мекенді су басу қаупі бар аймақта орналасқан

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде 276 елді мекен су басу қаупі бар аймақта жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Асқар Мамин су тасқыны қаупіне орай әкімдерге тапсырма берді Асқар Мамин су тасқыны қаупі туралы халықты уақтылы хабардар етуді тапсырды 500-ге жуық гидротехникалық құрылысты жөндеуге қаржы қажет - министр

«Жалпы алғанда төтенше жағдайды жою үшін бес жыл ішінде 44 миллиардтан астам теңге жұмсалды. Үкіметтің қолдауымен мемлекеттік материалдық резервтен өңірлер үшін 365 бірлік техника броньнан шығарылды. Сонымен қатар, су басу қаупі бар аймақта ел бойынша 276 елді мекен қалып отыр, бұл - 270 мыңнан астам адам. Оларды су тасқынынан қорғау үшін 2023 жылға дейінгі жаңа Жол картасы бекітілді. Оны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржы бөлу жоспарланып отыр»,- деді министр.

Оның айтуынша, өңірлік деңгейде алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында: Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның отырыстары өткізілді; жанар-жағармай материалдары, инертті материалдар және құм салынған қаптардың қоры қалыптастырылды; шұғыл шығындарға төтенше резервтер жасалған, шамамен 38 миллиард теңге алдын ала қарастырылған.

«Саны 38 мың адамнан асатын азаматтық қорғау құрамдары, шамамен 13 мың бірлік техника, 500-ден астам жүзу және 2 500-ден астам су сору құралдары айқындалды. Елді мекендерден қар шығару жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күні 13 миллион текше метрден астам қар шығарылды. Өңірлердің әкімдіктері елді мекендерден қарды шығару жұмыстарын жандандыруы қажет», - деді Юрий Ильин.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359310
Пікірлер

Көрші сілтемелер