Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Арқа атлеттерінің жеңісі



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 11:24 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/266447-arqa-atletterininh-dgenhisi


Атап айтқанда, Давид Ефре­мов (60 метрге кедергілер ар­­қы­лы жүгіру), Виталий Земс (60 м және 200 м жүгіру), Сер­гей Дементьев (алтысайыс), На­деж­да Барбанова (ядро лақ­тыру), А.Киселев (ұзын­дық­қа секіру) және Мария Ов­чин­никова (үш қарғып секіру) чемпион атанды.

Айта кету керек, Давид Ефре­мов осы жарыста Қазақ­станның жаңа рекордын орнатты. Аталған спортшы – Токио Олимпиадасының лицензиясынан бірден-бір үміткер атлет.

Сонымен қатар Анель Шу­лакова (60 м/к), Батырхан Бай­мұ­хаметов (биікке секіру), Сер­­гей Сухов (800 м), Евгений Про­­кудин (60 м/к), Данил По­лянский (сырықпен секіру) кү­міс жүлде иегерлері атанды.

Ал Владислав Григорьев (200 м), Римма Кашафутдинова (60 м), Анна Шумило (400 м), Наталья Ульбрихт (800 м), Ду­ман Ғабдығалиев (800 м), Ма­рия Ольховик (бессайыс) және Елизавета Федорук (ұзындық) қола медальға қол жеткізді.

Сонымен қатар қараған­ды­лық спортшылар эстафета сайыс­тарында да тама­ша нә­тижелер көрсетті. Мыса­лы, Павел Кар­пенко, Никита Чу­поршнев, Ирина Григорьева және Стефания Ар­темьева эс­тафета mix 4х200 сынында, Крис­тина Корягина, Римма Ка­шафутдинова, Валерия Са­фо­нова және Ирина Григо­рьева эстафета 4х400 сынында, Виталий Земс, Евгений Прокудин, Давид Ефремов және Никита Чупоршнев эстафета 4х200м сынында үздік шықты.

Сондай-ақ Наталья Уль­брихт, Анна Шумило, Аделина Ахметова және Стефания Ар­темьева эстафета 4х400, Римма Кашафутдинова, Кристина Корягина, Кристина Наумкина және Ирина Григорьева эстафета 4х200 жарысында күміс медаль еншіледі.

Ал Никита Чупоршнев, Павел Карпенко, Сергей Сухов және Думан Ғабдығалиев эстафета mix 4х400 сайысында қола жүлдеге қол жеткізді.

 

Қарағанды облысы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1359308
Пікірлер

Көрші сілтемелер