Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қалауын тапқанға ауылда да жұмыс көп



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 11:21 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/266444-qalauyn-tapqangha-auylda-da-dgumys-kop


Ақтөбе мұнай-газ колледжін бітірген соң бірден туған ауылына оралып, кәсіпкерлікпен айналысуды жөн көреді. Ба­дамша елді мекенінде үй жиһаз­дарын жуып-тазалайтын цех ашқысы келген жас өткен жыл­дың көктемінде кәсіпкерлік негіздеріне үйрететін курста оқып, бизнес-жобасын даярлайды. Тынымсыз ізденісі арқылы 550 мың теңге қайтарымсыз грантқа қол жеткізген соң осы қаржыға бірден жиһаз тазалайтын жабдықтар сатып алды. Бастапқыда Бауыржанға ата-анасы, туыстары қолұшын беріп, шаруасының жүріп кетуіне жан-жақты қолдау көрсетті.

Өткен жылдың көктемінен басталған карантиндік шектеу­лер мен локдаун кезінде жұмы­сын кібіртіктеп бастаған жас кә­сіпкер осы кезге дейін жұмысын бірқалыпты жүргізді. Қазір оның Бадамшадағы шағын цехында 3 адам еңбек етеді. Өзі бос уа­қытында көлік жөндеумен де айналысады.

Елге келген індет кеселін ти­гізбесе, ауылда қызмет көрсету орындарын ашу тұрақты табыс әкелетін жұмыс. Алдағы уақытта кәсіпкерлік аясын кеңейтіп, Бадамшада көлік жуатын орын ашуды да жоспарына енгізген Бауыржан Нұрмағанбетов мемлекеттен қайтарымсыз грант түрінде алған әрбір теңге мақ­сатты түрде жұмсалуы тиіс екенін жеткізді. «Кәсіпкерліктің бастауында әрдайым тәртіп пен жауапкершілік тұрады. Қаржы мақсатты түрде жұмсалса ғана біраз уақыттан соң еселеніп қайтады. Сонда ғана жаңа жұмыс орны ашылып, бастапқы қаражат мемлекетке салық түрінде қайтып оралады. Ол үшін жастар ерінбей еңбек етуі тиіс». Ауыл жастары кез келген шаруаны қолға алып, пайдалы іспен шұғылдануы тиіс деген ұстанымын жеткізген жас кәсіпкер қалауын тапқан адамға ауылда да жұмыс жеткілікті деген пікірде.

 

Ақтөбе облысы

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1359306
Пікірлер

Көрші сілтемелер