Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Асқар Мамин су тасқыны қаупі туралы халықты уақтылы хабардар етуді тапсырды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 11:18 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/askar-mamin-su-taskyny-kaupi-turaly-halykty-uaktyly-habardar-etudi-tapsyrdy_a3756480


Асқар Мамин су тасқыны қаупі туралы халықты уақтылы хабардар етуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Су тасқыны қаупі болғанда халықты хабардар ету жұмысын белсенді жүргізуі қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
276 елді мекенді су басу қаупі бар аймақта орналасқан Асқар Мамин су тасқыны қаупіне орай әкімдерге тапсырма берді 500-ге жуық гидротехникалық құрылысты жөндеуге қаржы қажет - министр

«Төтенше жағдайлар министрлігі әкімдермен бірлесіп, тиісті жедел штабтар құруды, алдағы су тасқыны кезеңіне күш пен құралдардың дайындығын және су тасқыны қаупі болған жағдайда халықты уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етсін», - деді Үкімет басшысы.

Асқар Маминнің айтуынша, төтенше жағдайда жедел шара қабылдануы тиіс.

«Жалпы Төтенше жағдайлар министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, су тасқыны қаупі болғанда немесе су басқан жағдайдағы іс-әрекет барысы жайлы халықты хабардар ету жұмысын белсенді жүргізуі қажет. Ақпарат министрлігі осы мәселеде жәрдемдессін. Осы мәселе бойынша үйлестіру Роман Васильевичте», - деді Асқар Мамин орынбасары Роман Склярға қарата.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359300
Пікірлер

Көрші сілтемелер