Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ауғандық Мона Лиза



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 11:15 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/266440-aughandyq-mona-liza


Кеше мен сол мұңлы жанар­ды жолықтырғандаймын. Адамзат баласы жаралғаннан бері өмір сү­ріп келе жатқан азалы жанар. Құдды құлама құз секілді. Қа­раған сайын, аяғың тайып ке­тер­дей жасқанасың. Сөйте тұ­ра өзі жерден ауыр, аспаннан жеңіл, күн сәулесінен жүйрік, най­зағай­дан өткір. Сонау қайта тіріл­мес ма­монт секілді мәңгі өшкен, өт­кен күн елестер иіріміне тар­тады. Тауы шағылған талмау көңіл­дің ызалы айқайы бар. Ор­маны отқа оранған құс­тың қана­тымен су себуге оқтал­ғанын­дай. Шарасыздық пен шыр­ғалаң. Б­әрі-бәрі тұтасып келіп сол жан­ның жанарына ұя салған­дай. Ол жұмбақ жанар – алуан тағдырлы ауған қызына тиесілі.

Ғұмыр парағының сарғайған тұсын сағынышына балап, дулы дүниеден ізгілік іздеген жолаушы кейіпте. Ойлы көзбен қарасаңыз, қасіреттің табы байқалады. Ота­нынан алыстатқан опасыз дүние. Балалығын жоғалтқан бойжеткен.

Бұл сырлы сүгірет – аме­ри­­­калық фотожурналист Стив Мак­курридің 1984 жылғы сапар­ла­рының бірінде түсірген еңбек. Ойда жоқта объективке іліккен ауған аруы, оны бір-ақ сәтте жұл­дызға айналдырды. Әлем ерек­ше фотосуретті «Ауған қы­зы» немесе «ауғандық Мона Ли­за» деп атады. Ғажабы сол, Стив оны Ауғанстанда емес, Пәкіс­танда, яғни босқындар лаге­рінде түсірген екен. Босқын қыз­дың бостандықты аңсаған көз-жанары жаһанды ойға шом­дырды.

1985 жылы ғажайып фотосурет National Geograhpic жур­налының алғашқы бетіне басылды. Әйгілі журналдың сол жолғы мұқабасы басылымның 40 жылдық ғұмырында ең үздік 10 мұқаба тізіміне енді. Тіпті «Ауғандық Мона Лиза» атақты ре­волюционер Че Гевараның пор­третін артта қалдырып, мың­даған тиражбен әлемге жол тарт­ты.

Бұл фотосуреттің құпиясы не­де десеңіз? Біріншіден, қыз өте әдемі. Содан соң оның көз­қарасынан үлкен толқыныс анық байқалады. Оймақтай көзінде қорқынышпен қатар, қайсарлық пен табандылық ұйысқан. Ол лагерьдегі босқынның бірі бола тұра, кедейліктің қамытын кисе де орамалы арқылы тектілігін тә­мам жұртқа баян етіп тұр. Мұ­сылман қызының абыро­йы бәрінен жоғары екенін көзқа­расынан ұқтырған сұлудың қара­сы елітіп әкетеді.

1

«Оны батыстық стильде киіндіріңіз, сонда біздің қо­ғамның кез келген мүшесіне ұқсайтын болады», дейді автор өзінің есте­лігінде. Фотограф кейіп­­керін Ауғанс­танға барған әр са­па­рында іздеп табуға тырысты. Бірақ нәтиже болмады.

Шынында, өмірінде кездей­соқ кездескен кейіпкері қайта қолына оңай­­лықпен түспеді. Басына бақ бо­лып қонған фото үшін ауған аруына алғыс айтуды аң­са­­ды. Осылайша, 2002 жылы «National Geographic» ұжымы Ауған­станға экспедицияға барып, әйелді іздейді. Олар фото­су­ретті өтіп бара жатқан адам­дар­­­дың барлығына көрсетіп, хабар жинайды. Ақыры қала тұр­­ғындарының бірі танып, қай­дан табуға болатынын айтады.

Үш күнгі тоқтаусыз ізденіс­тен кейін, топ ауған әйелі қоныс­танған аймаққа барады. Қызығы, фотограф сол бет ерекшеліктерін бірден таниды. Қыздың өзі егде тарт­қанмен, баяғы отты жанар әлі өшпеген. Оның есімі – Шар­бат Гула екен. Фотосуреттің сон­шалықты танымал болғанын білген Шарбат қатты таңғалады. Өзінің жас кезіндегі кейпін көріп, көңілі құлазиды.

Сол сәтте «National Geograp­hic» ұжымы өздеріне үлкен бедел әкелген тұлғамен қайта жолық­қандарына риза болып, кез келген тілегін орындауға уәде етеді. Автор да өзінің осыншама атақ-дәреже сыйлаған аруға басын иеді. Шарбат олардан үш қы­зына арнап тігін машинасын сатып алып беруді сұрайды. Жоқ­шылықтан әбден күйреген ана балаларының ең құрымаса кәсіппен айналысып, нәпақа табуын ойлаған. Бұл оқиға да көпшіліктің жүрегін елжіретті.

2016 жылы Ауғанстан Прези­денті Ашраф Ғани Шарбатпен кездесіп, жаңа пәтердің кілтін табыстады. Мемлекет басшысы оған отбасының білімі мен денсаулығын қадағалауға сөз береді. Міне, әлемнің назарын өзіне аудартқан бір фотосуреттің тарихы осындай.

Иә, ауған қызының ішкі халі қарашығынан қарап тұрғандай. Атақты суретші Амедео М­о­дилья­нидің «Жан күйіңнің түсі­мен, жанарыңды бояймын» дей­тін сөзі ойға оралады. Осы жанардан әлемнің қайшылықтары мен қиындықтарын аңғармау мүмкін еместей...

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1359299
Пікірлер

Көрші сілтемелер