Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Семейде жыл басынан бері көлікті мас күйінде жүргізген 28 адам ұсталды - Қазақстан және әлемдегі соң



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 11:10 - 2021/02/23

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-i-a/item/457143-semejde-zhyl-basynan-beri-k-likti-mas-k-jinde-zh-rgizgen-28-adam-staldy



Семейде жыл басынан бері көлікті мас күйінде жүргізген 28 адам ұсталды


Олардың ішінде бұрын көлік жүргізу құқынан айрылғандар да бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді заң бойынша олар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бас бостандығынан да айырылуы мүмкін. Тәртіп сақшыларының айтуынша, әкімшілік құқық бұзушылық заңындағы өзгерістерге сәйкес ішімдік ішіп немесе есірткі шегіп рөлге отырған жүргізушілер көлік жүргізу құқығынан бұрынғыдай 3 жылға емес, 7 жылға айрылады. Сорақы жағдайлардың бірі есірткіге есі кеткен жүргізушінің қоғамдық көлік тізгіндегені болып отыр.

Әділбек Нығманов, қалалық ПБ патрульдік полиция батальоны командирінің м. а.:

- Бұл оқиғалардың барлығы бойынша әкімшілік іс қозғалып, хаттамалар толтырылды. Сот шешімімен оларға заң бойынша қатаң шаралар қолданылды. Тәртіп бұзған жүргізушілер енді 7 жылға дейін көлік тізгіндеу құқынан айрылды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1359294
Пікірлер

Көрші сілтемелер