Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Сапасыз жұмыс сергелдеңге салады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 11:09 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/266443-sapasyz-dgumys-sergeldenhge-salady


Қаладағы орталық жылу қазандығы 92 көп қабатты тұрғын үй, 41 бюджеттік мекеме, оның ішінде 11 білім беру және 2 денсаулық сақтау нысанын жылумен қамтиды. Аудан орталығында бұл күнде 20 мыңнан астам халық тұрады. Қазандық істен шыққан екі күннің ішінде жергілікті тұрғындар салқын үйде күнелтіп, суық кеңседе жұмыс істеуге мәжбүр болды. Дегенмен, жылу және ыстық сумен қамтуды тұрақтандыру жөнінде барлық тиісті шаралар қолға алынып, медициналық нысандар уақытша қосымша электр жылыту құрылғыларымен қамтылды. Құрылғылардың істен шығу себептерін анықтау мен Жаңатас қаласын жылумен қамтуды қалпына келтіру бойын­ша жұмыс тобы құрылды. Көрші Қаратау қаласынан мазут жеткізіліп, қазіргі уақытта 720 тонна отын қо­ры жа­сақ­талған. Ақпан айының соңына дейін 1500 тонна отын жеткізу жоспарланған. Жылыту маусымының аяқталуына әлі екі айға жуық уақыт бар екенін ескерсек, мұнда мазут сапасына көңіл бөлу мәселесі өзекті болып отыр.

Қазіргі кезде облыс әкімдігі тарапынан кінәлілердің жазасыз қалмауы керектігі айтылуда. Әрине сонша ха­лықты сергелдеңге салған жауапты адамдар бұл мәселеге жауап беруі керек. Бірақ «Болары болып, бояуы сіңген» оқиғаның алдын алу жұмысының да жүйесіз болғаны осы жолы тағы бір дәлелденді. Миллиондаған қаржы желге ұшып, мыңдаған тонна мазут жарамсыз болып қалды. Мамандардың айтуынша, техникалық ақау сапасыз отынды пайдалану салдарынан орын алған, сол себепті мазут шаруашылығы жүйесін толығымен тазартуға тура келіпті. Жа­ңатас қаласындағы қазандықта орын алған төтенше жағдай бойынша Жам­­­был облысының әкімі Бердібек Сапар­баев тиісті басшыларға тапсыр­ма берген еді. Әкім үш күн бойы адам­дар суық пәтерлерде тұруға және қыз­мет­тік кабинеттерде жұмыс істеуге мәж­бүр болғанын, бұл ең алдымен аудан басшылығының өзінің қызметтік мін­деттеріне жауапсыз қарауынан орын алғанын атап өткен. Ал алдында аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов қазандықта бір жарым айға жететін қажетті отын қоры бар екенін айтқан. Алайда орын алған жағдайдан кейін отын қоры жоқ екені белгілі болған. Сонымен қатар мердігер жеткізген мазут та пайдалануға жарамсыз болып шыққан. Соның салдарынан шағын қалада орын алған жағдай шартарапты шарлап кетті.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқар­масының басшысы Құдайберген Қор­ғанбаевтың айтуынша, облыстағы 4 қалада жылу энергиясын өндіретін 9 отын-қазандық бар екен. Оның ішіндегі 8 қазандықта негізгі отын түрі табиғи газ болса, Жаңатас қаласындағы жылу қазандығында мазут отыны жағылады. Мәселен, бір ғана Жаңатас қаласының орталық қазандығына 10 мың 608 тон­на мазут сатып алуға 691,2 млн теңге бөлінген. Аталған қазандықта сыйымдылығы 3 500 текше метр болатын 3 резервуар бар. Басқарма басшысы орталық қазандықты жоспарлы әлеуметтік мазутпен қамтамасыз ету үшін тапсырыс беруші Сарысу аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен мердігер «Galaxy Petroleum» ЖШС арасында өткен жылы қазан айының басында келісімшарт жасалғанын, шартқа сәйкес, жыл соңына дейін серіктестікке 10 608 тонна мазутты толық жеткізу міндеттелгенін, алайда мердігер тарапынан келісімшарттың талаптары толығымен бұзылғанын айтты. Шартта көрсетілген міндеттемелердің орындал­мауына байланысты 165 млн 352 мың теңге бюджетке кері қайтарылып, би­ылға қайта жоспарланыпты. Деген­мен, жыл соңына дейін 7 971 тонна мазут жеткізуге қаржы төленген болса, бүгінде нақты 7 004 тонна мазут жет­кізілген. Зерделеу барысында тапсырыс беруші 967 тонна жеткізілмеген мазутқа 60,6 млн теңге төлем жасаған. Сөйтіп қыстың қақ ортасында екі ортада қарапайым халық әбігерге түсіп отыр. Басшылар басында бейжай қараған жүйесіз жұмыстың, шала тірліктің соңы осындай кикілжіңмен аяқталды. Бұл төтенше оқиға сапасыз нәрсенің сергелдеңге салатынын тағы бір рет көрсетті.

Ал «Жаңатас су-жылу» мекемесінің мәліметі бойынша, оқиға орын алған 9 ақпан күні 6 тәулікке жететін 438 тонна ғана мазут қалған. Оның алдында мердігер жеткізген 47,6 тонна сапасыз мазуттан нормадан артық конденсат көлемі анықталғанына қарамастан, мазут қабылданып, резервуарға құйыл­ған. Соның салдарынан орталық қа­зан­дықта бу және су жылытқыш қазан­дарында технологиялық ақау орын алған. Қазандықтың жұмысын қалыпты жағдайға келтіру үшін барлығы 733,4 тонна мазут жеткізіліпті. Дегенмен қазандық істен шыққан уақыт аралы­ғында қазандықта 8 рет қайта қосу процесі орын алыпты. Алайда резер­вуардағы су көлемінің азаймауына байланысты қазандықтар қайта тоқтаған. «Қазандықтың қайта өшуінің екінші себебі, резервуардың төменгі жағында орнатылған бумен жылыту радиаторлары тесілген болуы мүмкін. Болжамға сәйкес, тесілген радиаторлардан шыққан бу конденсатқа айналу арқылы мазутқа су болып қосылып отырған. Осыған байланысты резервуарға баратын құбыр желілері жылытылып, су араласқан сапасыз мазуттан тазартылды. Конденсатты болдырмау мақсатында мазутты резер­вуарға толық жібермей, қабылдау пункті арқылы сорғылардың күшімен тікелей қазандықтарға қарай жеткізу туралы мамандармен техникалық шешім қабылданды. Қазандықтың параметрлері қайта қалпына келтіріліп, температуралық кестеге сәйкес жылу берілді», дейді Қ.Қорғанбаев.

Бүгінде мазуттың тәуліктік шығыны 62 тоннаны құрап отыр. Алайда қа­зандықта екі аптаға ғана жететін 908 тонна мазут бар екен. Енді мердігер ағымдағы жылдың ақпан айының со­ңына дейін 1 мың тонна, наурыз айында 1500 тонна мазут жеткізуді жос­парлауда. Алайда орын алған жағдайға байланысты мердігерге сенімсіздік туындап, басқа жерлерден мазут жеткізу мәселесі қарастырылуда. Ал «Жаңатас су-жылу» мекемесінің директоры Ғани Исқақов қаңтар айынан бастап мазуттың сапасы жөнінде дабыл қағып, тиісті басшыларға хат жазғанын айтып берді. «Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне ескерту беріліп, 5 цистернаны қабылдамай қойдық. Мердігерді шақырып едік, келмеді. Аудан әкімінің орынбасарына, бөлім басшысына мә­селені жазбаша жеткіздім», дейді ол. Сонымен қатар аталған мекеме бас­шысы мазуттың бәрі толған су екенін, оны қабылдай алмайтынын, бұл мә­селеден бәрінің хабардар екенін де жеткізді. Бірақ бәрін біле тұрып жергілікті шенділердің ешқайсысы да бұл мәселеге жіті назар аудармаған. Ал мазут орнына жартылай су толы мазутты жағып, сапасыз отынды қолданудың кесірінен күрделі мәселенің беті ашылды. Әлеуметті алдаған әрекет әшкере болды. Енді бұған кім кінәлі, тиісті басшылар не үшін мұндай қадамға барды, бәрі де алдағы уақытта анықталады.

 

Жамбыл облысы

 

P.S. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аталған оқиғаға орай, қадағалау органдары қызметкерлерінің қатысуымен жедел комиссия құруды тапсырды. Бұл комиссия нақты кінәлілерді анықтап, оларды жазалау бойынша ұсыныстар енгізуі керек. Сондай-ақ мазут жабдығынан бас тарту және Жаңатас қаласының қазандығына газтурбиналық қондырғы орнату туралы да ұсыныс айтылуда. Егер сенімді инвестор табылса, ескірген жабдықтан құтылу және отын шығындарын азайту секілді екі мәселені бірден шешудің мүмкіндігі бар екен. Енді бүгінде отын жеткізуге жауапты мердігер мекемеге шара қолдану мәселесі қарастырылуда. Сондай-ақ өңірдегі бірқатар шенділер де жазалануы мүмкін.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1359293
Пікірлер

Көрші сілтемелер