Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


500-ге жуық гидротехникалық құрылысты жөндеуге қаржы қажет - министр



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 11:09 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/500-ge-zhuyk-gidrotehnikalyk-kurylysty-zhondeuge-karzhy-kazhet-ministr_a3756477


500-ге жуық гидротехникалық құрылысты жөндеуге қаржы қажет - министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл 500 жүзге жуық гидротехникалық құрылыстарды жөндеуге қаржы қарастыру қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Асқар Мамин су тасқыны қаупіне орай әкімдерге тапсырма берді Асқар Мамин су тасқыны қаупі туралы халықты уақтылы хабардар етуді тапсырды Қарағанды облысында су тасқыны қаупі бар 129 учаске бақылауға алынды

«Министрлік әкімдіктермен бірлесіп, 2017 жылы ел бойынша көктемде су басуға неғұрлым бейім 905 елді мекенді анықтады. Су тасқыны қаупінің алдын алу және жою жөніндегі жол картасын іске асыру аясында 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін ел бойынша үш жүзден астам елді мекенде су басу қаупінің туындауына жол берілмеді және тағы да 314 елді мекенде қауіп-қатер барынша азайтылды. Ал бұл 70 мыңнан астам тұрғын үй (71 055) және 350 мыңнан астам», - деді ол.

Оның айтуынша, төрт жыл ішінде өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, өзендердің неғұрлым қауіпті учаскелерінде инженерлік-қорғау жұмыстары жүргізілді. 11 мың шақырымнан астам каналдар мен арық жүйелері), автомобиль және темір жолдарда орналасқан 11 мыңнан астам су өткізу құрылыстары тазартылды. 150 шақырым жуық қорғау бөгеттері мен валдары тұрғызылды, 26 гидротехникалық құрылыс жөнделді.

Бұл ретте, 6 000 су шаруашылығы құрылыстарының 500-ге жуық гидротехникалық құрылыстарын жөндеу керек. Осыған байланысты, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен өңірлердің әкімдіктері оларды биыл жөндеу үшін қаржы қаражатын қарастыруы тиіс. Сондай-ақ иесіз су қоймалары мен бөгеттерге комиссиялық тексеруді ұйымдастыру керек», - деді Юрий Ильин.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359292
Пікірлер

Көрші сілтемелер