Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қылқалам ашқан құндылық



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 10:57 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/266446-qylqalam-ashqan-qundylyq


Көрме Ұлттық музейде ұйымдас­тырылды. Мақсат – суретшінің тауанды тарих пен мәдениет тақырыптарына арналған шығармаларын өнерсүйер қауымға кеңінен насихаттау.

Салтанатты шараның беташар сөзін Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы сөйледі.

«Төлеубек Төлеуұлы өмір бойы ізде­ністе жүретін, өмірге де, өнерге де шын ғашық жан. Себебі реалист суретші бар әлем тек таңғажайыптан тұрады деп өмір сүреді. Бұған суретшінің қылқаламынан шыққан пейзаждық туындылары айқын дәлел. Көрменің «Балалық шаққа саяхат» аталуы да бекер емес. Төлеубек Мұқашевтің бала кезінен бастау алған шығармаларынан жан дүниесінің тазалығын, елі мен жеріне деген шексіз сүйіспеншілігін байқауға болады», деді А.Мұхамедиұлы.

Пейзаж қылқалам шеберінің жанына жақын жанр. Суретші үшін тұмса табиғат қашанда сұлулық пен таза­лық­тың мәңгілік үйлесім тапқан нұрлы мекені. Туған жер оның барлық шығар­маларының өзегі десе де болады. Экспо­зицияға ұсынылған 50-ге жуық картинада Жетісу жеріне тән әдемі пейзажды, қызғалдағы жайнаған дархан даланы, тыныштыққа бөккен табиғат тылсымын шынайы жеткізген. Сонысымен оқырмандарды өзіне елітіп алады. Әрбір туынды балаға ертегі айтып отырған әжедей алаңсыз жылдардың көркем көрінісін көз алдына әкеледі.

Шара барысында белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Бірғаным Әйтімова: «Бұл өзі ерекше көрме. Себебі Төлеубек Тө­леуұлы – Қазақстанда мемлекеттік қыз­­метімен қатар, өнерін де дамытып, көп­шілікке ұсынған бірінші сенатор. Бү­гінгі көрме оның туған жеріне деген ал­ғысы, сүйіспеншілігі, махаббаты», деп ақ­жарма тілегін жолдаса, сенатор Ба­қыт­жан Жұмағұлов пен мемлекет қайра­т­кері Жақ­сыбек Құлекеев суретші туын­ды­ла­рының келешек ұрпақ үшін таусыл­мас рухани азық болатындығын атап өтті. 

Кенеп бетіне түскен сан түрлі бояулар бала қиялына біткен алуан әсерлер. Сол аяулы шақтар сана түбінде қатталып, сан жылдан кейін тамаша туындыларға айналған. Мұндағы картиналардың құ­пиясы сонда. Автордың кіндік қаны тамған топырағына деген сағыны­шы суретке ұласып, түстерге әр беріп тұр.

Айта кетейік, қылқалам шеберінің туындыларын тамашалаймын деген көпшілік үшін көрме екі ай бойы Ұлттық музейде экспозицияланады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1359279
Пікірлер

Көрші сілтемелер