Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ақтөбеде жаңа форматта ұйымдастырылған жалпы пәндер олимпиадасы өтіп жатыр - Қазақстан және әлемдегі



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 10:40 - 2021/02/23

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/bylu-manyzdy/item/457140-a-t-bede-zha-a-formatta-jymdastyryl-an-zhalpy-p-nder-olimpiadasy-tip-zhatyr



Ақтөбеде жаңа форматта ұйымдастырылған жалпы пәндер олимпиадасы өтіп жатыр


Ақтөбеде мектеп оқушылары жаңа форматта ұйымдастырылған жалпы пәндер олимпиадасына қатысып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара офлайн өткізілгенімен, үміткерлер тапсырмаларды «Дарын» республикалық ғылыми орталығының сайтынан сілтеме арқылы жүктеп алады. Ал, дәптерге жазылған жауаптары кейін сканерден өткізіліп, интернет парақшада жарияланады. Одан өзге сайттарға кіру мүмкін болмайды. Әр қатысушының іс-қимылын бейнекамера түсіреді. Яғни, басқа бөлмеде отырған тәуелсіз бақылаушылар монитордан көріп отырады. Бақылаушылар қатарында білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті, қоғамдық кеңес, «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері мен мәслихат депутаттары бар. Жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі бес күн өтеді. Оған барлығы 725 жоғарғы сынып оқушысы қатысады.

Жібек Рысқұлова, 9-сынып оқушысы:

- Мен аудиторияға кірген кезде менде кішкене қорқыныш болды. Себебі, жан-жақтан камералар түсіріліп тұрды. Ол жерде бізде республикадан код берілді. Соны біз компьютерге тердік те, одан кейін бізге тест берілді. Сол арқылы біз белгілеп тапсырдық.

Гүлназ Сүлейменова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Кешкісін шешім шығарылады. Хаттамасының барлығы бұқаралық ақпарат құралдарына, біздің әлеуметтік желілерге шығады. Бала шыққан шешімімен және өзінің жұмысы республикалық «Дарынның» сайтынды тұр. Соны екеуін салыстырып, егер де өзінің тарапынан сұрақтар болатын болса, міндетті түрде Zoom арқылы аппелляцияға қатысады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1359264
Пікірлер

Көрші сілтемелер