Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Үлестік тұрғын үй салатын компаниялардың рейтингін енгізу ұсынылды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 10:36 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/ulestik-turgyn-uy-salatyn-kompaniyalardyn-reytingin-engizu-usynyldy_a3756450


Үлестік тұрғын үй салатын компаниялардың рейтингін енгізу ұсынылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықтың қаражатын тартуға құқылы құрылыс компанияларының рейтингін енгізу қажет. Бұл туралы бүгін тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдері қаралған Үкімет отырысында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Бәйтерек» холдингі баспана құрылысына қосымша 61 млрд теңге тарта алады Қазақстанда баспана кезегіне тұратындар саны жыл сайын 50 мыңға артады Елімізде тұрғын үй қорын басқаратын бірыңғай оператор құрылады

«Жосықсыз құрылыс салушылардың үлестік тұрғын үй құрылысы саласындағы заңнаманы бұзуы жеке проблема болып табылады. Өткен 2 жылда осындай 123 компания анықталды. Қаржылық тұрақсыз компаниялар сапалы және арзан тұрғын үйге уәде бере отырып, әртүрлі кооперативтер, одақтар, жарналар арқылы халықтың салымдарын ашық түрде тартады. Сонымен қатар, бұл жағдайда құрылыстың аяқталуына ешкім кепілдік бермейді. Қолданыстағы екі тәсілді ғана сақтау ұсынылады: кепілдік беру тетігі және ЕДБ арқылы жобалық қаржыландыру», - деді холдинг басшысы.

Бұл ретте ол халықтың қаражатын тартуға құқылы құрылыс компанияларының қарапайым және барлығына түсінікті рейтингін енгізу қажеттігін айтады.

«Принцип келесідей - қаржылық тұрғыдан орнықты компаниялар үшін кепілдендірудің қолданыстағы тетігі сақталады. Рейтингі төмен компаниялар үшін Бірыңғай оператор белгіленген бағалар бойынша халықтан үлестік салымдарды тікелей тартатын және арнайы эскроу-шоттағы қаражаттың сақталуын қамтамасыз ететін болады. Өз кезегінде коммерциялық банктер халыққа салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға қосымша кепілсіз ипотека бере алады», - деді Айдар Әріпханов.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359260
Пікірлер

Көрші сілтемелер